ТАРАЗДАҒЫ ҚАРАЛЫ ЖИЫН

Бүгін, кешкі сағат 17:00 де Тараз қаласының «Жастар аллеясында» Астана қаласында орын алған, бес бейкүнә бүлдіршін қыздарымызды алып кеткен қайғылы оқиғаға байланысты қаралы жиын өтті. Халық қара жамылған ата-анамен бірге қайғырып, басу айтты, -деп хабарлайды TURANINFO.KZ  ақпараттық агенттігі.

Еске сала кетсек, 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үй өртенді. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды. Бір отбасы бес бірдей қызынан айырылды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршіндер тілсіз жаудың құрбаны болды.

Это слайд-шоу требует JavaScript.

Ата-анананың бес баладан бір күнде айырылғаны бәріне ауыр соқты. Ел-жұрт ерлі зайыптымен бірге қан жұтып отыр. Ата-анаға көңіл айтып, сабырлыққа шақыруда. Өнер жұлдыздары бұл туралы желідегі парақшасында жазып, көңіл айтуда.

TURANINFO.KZ

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X