«Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 2 топтағы мүгедек Н.Ж.Примкуловадан 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Сарысу аудандық орталық ауруханасы тарапынан тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі шеңберінде, тегін дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтің көрсетілмей келгендігі туралы өтініш келіп түсті.
Бұл өтініш бойынша, жобалық кеңсеұсынысы негізінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасында тексеру жүргізіп, өтініште көрсетілген фактілер өз дәлелін тапты.
«Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің араласуы нәтижесінде Н.Ж.Примкулованың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, тегін дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етілді және толық көлемде медициналық қызмет көрсетілді.
Егер Сіз сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда «Жамбыл -адалдың алаңы» жобалық кеңсесінің мына нөміріне 8 776-239-44-34 (whatsap) хабарласуыңызға болады.