Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және жастарды тәрбиелеуде ұлттық-мәдени құндылықтар мен патриоттық көзқарасты қалыптастыру мақсатында 5 ақпанда Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің инспекторы А.Балхожаев Байзақ ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушы жастарымен «ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында орталық маманы діни экстремизмнің әлемге тигізіп жатқан залалы туралы баяндама оқып, арнайы дайындалған слайдтар мен бейнебаяндар арқылы діни экстремистік және террористік бағытындағы ислам дінін жамылған радикалды ағымдар жайлы нақты мысалдар келтірді.
Жиын соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді.