СОТТА ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛҒАН ТУРАЛЫ 18 ІС ҚАРАЛДЫ

2018 жылы тұтынушылардың құқықтары бұзылғандығы туралы 18 іс қаралған деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасайды.

— 2018 жылы қаралған істерден 3 шағым қаралмады. Он сегіз іс аяқталды, оның ішінде 8 азаматтық іске қатысты сот шешім қабылданды (7 іс қанағаттандырылды, 1 сот ісін жүргізуден бас тартты), 4 іс тоқтатылды (2 қабылдаудан бас тартты, 1 медиация тәртібімен, 1 іс қараусыз қалған) 3 іс 2019 жылға қалдырылды.

Айта кетерлігі, 2017 жылы 16 шағым қаралған. Бір шағым бойынша іс қаралмады. 14 Азаматтық іс аяқталды, оның ішінде 7 іске қатысты шешім қабылданды (2 іс қанағаттандырылды, 5 сот ісін жүргізуден бас тартты), 7 азаматтық іс тоқтатылды (3 қабылдаудан бас тартты, 1 келісімге келуге байланысты, 2 медиация тәртібімен) 1 іс 2018 жылға өтіп кетті.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X