Шпекбаев, Шаимова, Бектенов және аумақтық департамент басшылары қанша айлық алады?

Алик Шпекбаев, Айгүл Шаимова, Олжас Бектенов және аумақтық департамент басшыларының айлық жалақылары белгілі болды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі. Ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басшылығы, олардың аумақтық департаменттері басшыларының жалақылары туралы сауал жіберген болатын. Соның нәтижесі төмендегідей:

— «Агенттік төрағасының лауазымы саяси лауазымдардың тізімінде бекітілуіне және еңбек өтілімі 20 жылдан асуына байланысты айлық жалақысы 1 208 882 теңгені құрайды. Ал оның орынбасарларының айлығы 800 мыңның көлемінде болса, аймақтық департаменттердегі басшылары ең азы 339 039, ал ең көбі 745 751 көлемінде жалақы алады» — деп жауап берді Төраға орынбасары О.Бектенов.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X