ИТ ЖЫЛЫНДАҒЫ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

2018 жылдың қорытындылары

Ит жылы облысымыз үшін берекелі де, мерекелі де болды. Оған себеп, облыс басшылығына Асқар Мырзахметов келіп, ұйқыға кеткен басшыларды оятып, қамшылап отырды. Облыс дамуының нысаналы индикаторлары бекітіліп, ай, тоқсан сайын әкімдіктің алдында есеп беріп тұрды.

Назарларынызға ұсынайын дегеніміміз кадрлық ауыс түйістер:

10.01 — Облыс әкімі болып Асқар Исабекұлы таныстырылды.
25.01 — Облыс әкімінің баспасөз хатшысы болып Біржан Сөктай,
25.01 — Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Ләззәт Смағұлова,
15.02 — Облыс әкімдігінің энергетика, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Нұрлан Алдамжаров,
23.02 — Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы болып Нұржан Нұржігітов
16.03 — Облыс әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова
26.03 — Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Берік Нығмашев
17.04 — Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік, индустриалды инновациялық дамыту басқармасының басшысы Арнұр Мұхаметжанов
23.04 — Тараз қаласының әкімі болып Ғалымжан Әбдірайымов,
21.05 — Облыс әкімінің орынбасары болып Еркебұлан Дауылбаев,
21.06 — Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып Берік Құрманғали, 07.07 — Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің бастығы болып Арман Оразалиев
11.07 — Облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасының басшысы болып Қанат Айтқұлов
17.07 — Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» басшысы лауазымына Жандос Смайлов
01.08 — Облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы болып Роза Исаева
11.10 — Облыс әкімдігінің автомобиль жолдары және пассажирлік тасымалдау басқармасының басшысы болып Бақытжан Жәнібеков
15.10 — Облыс әкімінің орынбасары болып Мұратхан Шүкеев
17.10 — Мойынқұм ауданының әкімі болып Мәден Мұсаев
29.10 — «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бірінші орынбасары болып Ерқанат Манжуов
07.11 — Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров
28.11 — Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасына Ержан Ахметов
28.12 — облыс әкімінің орынбасары болып Талғат Момышев тағайындалды.

Қысқаша шолу жасасақ Кәрім Көкрекбаевтан Асқар Мырзахметов жиырма үштен басқарма алса, жылдың соңында жиырма беске көбейді. Туризм мен құрылыс басқармалары бөлік отау құрды. Облыс әкімінің үш орынбасары, он бір басқарма, екі әкім, екі облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалған болатын. Қазіргі уақытта екі басқарманың басшысы жоқ.

Облыс әкімі орынбасарларының бесеуінің үшеуі ауысты.

Облыс туралы ары қарайда шолу, сараптама жүргізетін боламыз.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X