Тараз қаласының шағым аудандарының бірінде иесі қайтыс болған пәтерде белгісіз азаматтар тұрып жатқандығы анықталды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
— «Департаментке азаматша М. хабарламасы келіп түсті. Хабарламада Тараз қаласының шағым аудандарының бірінде иесі қайтыс болған пәтерде белгісіз азаматтар тұрып жатақандығы жайлы көрсетілген. Осы тұрғыда Департамент қала әкімдігімен бірлесе тиісті іс-шаралар атқарып хабарламадағы мәлімет расталған. Қазіргі таңда аталған пәтер, иесі жоқ мүлік ретінде тіркеліп, мемлекет балансына өткізу процессі тиісті құзірлі органдармен жүзеге асырылуда» — деп хабарлады Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Дәурен Омаров.
Айта кетерлігі, Түскен 77 хабарламалар бойынша Департамент тарапынан тиісті шаралар атқарылып хабарлама иелеріне жауаптар берілген, хабарлама иелері жауаппен қанағаттандырылған.
TURANINFO.KZ