Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасыніске асыру аясында №13 Тараз теміржол колледжінде «Студенттерге қызмет көрсетудің электрондық орталығының» ашылу салтанаты өтті.
Қызмет көрсету орталықтарын облысымызда эстафета жолдау арқылы ашу тәжірбиесі енгізілген.
Орталықтың негізгі мақсаты: электрондық форматта қызмет көрсетуге көшу жолымен оқу қызметінің процестерін ұйымдастыруды оңтайландыру, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды аспектілері болып табылады.
Орталықты «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.А.Токушев және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Р.С.Тұрмаханбетова салтанатты түрде ашты.
Іс-шарада колледж оқытушылары мен білімгерлерікелген қонақтарға электронды қызмет алу бағдарламасымен таныстырды.
Іс-шара барысында колледж директоры Н.Нұралиев «Студенттерге қызмет көрсетудің электрондық орталығын» ашу эстафетасын «Тараз сервис және технология» колледжінің директорына табыстады.
Бұл іс-шараға Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Айта кетсек, Жамбыл облысында 7 Студенттерге қызмет көрсету орталықтары бар, оның 2 жоғары оқу орындарында (ТарМУ, ТарМПУ) және 5 колледждерде (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Жамбыл медициналық колледжі, №13 Тараз теміржол колледжі, Бетқайнар колледжі (Қордай ауданы). Студенттерге қызмет көрсету орталықтарында10 аса қызмет түрлері көрсетіледі. Мысалы, диплом телнұсқаларын беру, жатақхана беру.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз-қызметі