Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Марс Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова өңір жастарымен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында алда келе жатқан 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Елбасының бұл бастамасы қазақстандық жастардың жан-жақты дамуына, ел болашағының жарқын болуына мол мүмкіндіктер береді. Осы ретте өңір жастарымен еркін байланыс орнатып, өскелең ұрпақ бойында адалдық пен адамгершілік қасиеттерін арттыру, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру бағытында сөз қозғалды. Жиынды М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков жүргізеді. Кездесу барысында жастар жылына қойылған үлкен міндеттер талқыланып, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі кеңінен сөз болды. Жемқорлықпен күрес — ауқымды тәсiлдерді талап ететiн жұмыс. Ал бұл істе жастардың атқарар рөлі орасан зор. Әсіресе білім беру саласындағы жемқорлық фактілерін алдын алу жұмыстарында жастар үлкен белсенділік танытып келеді. Аталмыш мәселелерді кеңінен қозғап, 300-ге жуық жастың басын біріктірген кездесу барысында жастар агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шайымоваға мен вице-министр Бибігүл Асыловаға көкейлеріндегі сауалдарды жолдап, еркін форматта пікірлесті. Әсіресе, Жамбыл облысы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уали Болатбек «Волонтерлік туралы» Заң қабылданғандығы туралы айтып, жүзеге асыру тетіктері өз дейгейінде жүргізілмей келе жатқандығы сөз болды. Онымен қоса, волонтер болғандарды оқуға түсер кезде қолдау білдіріп, ынталандыру жұмыстарын қою керектігі жайлы айтылды. Уали Болатбектің сауалдары төмендегі екінші видеодан көре аласыздар
https://web.facebook.com/islambek.dastan/videos/1957251090990758/
https://web.facebook.com/islambek.dastan/videos/1957295304319670/
turaninfo.kz