Бүгін Жамбыл облысы әкімінің «Жамбыл — адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қою рәсіміне байланысты актив жиыны өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова, облыс әкімі Асқар Мырзахметов, облыс әкімінің орынбасарлары, басқар басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, департамент басшылары және медиа саласының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков өңірдегі ведомстволық ұйымдарды оңтайландыру және жаңа еңбекақы жүйесін енгізу жұмыстарының жүргізілуі жөніндегі баяндамасы тыңдалды.
Мемлекетіміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін пайдалану тапсырған. Осы міндетті орындау мақсатында Жамбыл облысында аталған тәжірибе қолданылмақ.
Сонымен қатар, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының Жарғысына қол қойылды. Оның негізгі миссиясы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа деген жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, Жамбыл облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.
Жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және азаматтарға ыңғайлы жағдай жасауға, қоғамдық бақылауды жүргізуге, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
TURANINFO.KZ