6 желтоқсанда сағат 14.20 да Алматы-Ташкент күрең жолының 553 шақырымында (ескі Күйік асуы ) жолдың шұғыл бұрылысында жыртқыш аңдарды жүктеген жүк көлігі жолдан шығып кеткен.
Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы бір сағаттан соң оқиға орнына жетіп, жылжымалы хауанаттар бағының «МТС25» аударылған жүк тіркемесінен жолбарыс құтқарылып, жылжымалы торға ауыстырылып, ары қарай жолға жүру үшін арнайы автокөлікке жүктелді.
Құтқарушылардың айтуынша тәжірибеде осындай жырқыш аңды құтқару кездеспеген оқиға. Осыған дейін тек иттермен оның ішінде «Алабай» текті иттермен істері болған, ол да тумасынан табиғаты күшті және әртүрлі жағдайларда адмазатқа қатер төнгізуі мүмкін.
Сөйтіп, оқиға орнына жете салып барлап шықты, нәтижесінде аңдар жүктелген вагон тура жарға қарай аударылған. Вагонды кранмен көтеріп жолға қою мүмкін болмады, ілу қиындық тудырды. Ішінде не болып жатқанын көру мүмкін болмады, өйткені тіркемелі вагон жан-жақты қапталған және оның көретін саңылаулары тура жарға қарап қалған. Қорқып қалған жолбарыс ары бері сергелдеңдеп вагонды шайқай бастаған. Құтқарушалар бензинді арамен вагонның астын кесіп, үстінгі жағынан екі тесік жасап зардап шеккен аңды алаумен торға қуамыз деп шешім қабылдады. Қауіпсіздікті толық қамту үшін арнайы торды Газель автокөлігімен итеріп тұруға тура келді. Мұндай операция алғашқы рет жасалып жатқандықтан құтқару қызметінінің қызметкерлері алдыға қойған міндеттерді осылай тез орындайтындарын күтпеді.
Жамбыл облысының ТЖ