Тараз қаласы №2 сотында «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Тараз қаласы №2 сотының кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлері қатысты. Семинарды кеңсе меңгерушісі Ж.Құтымбетова жүргізді.
Семинардың мақсаты – сот мамандарының моральдық-адамгершiлік бейнесi және iскерлiк қасиеттерін арттыру.
Аталған семинар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер әдеп кодексінің негізінде өткізілді.
Семинардың негізгі міндеті: мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту, қызмет уақытында және қызметтен тыс уақытта іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесу және оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдау, ұжымда әріптестердің ар-намысы мен абыройына кір келтірмеу, мемлекеттік қызметкерлердің – сот мамандарының қоғамға жат мінез – құлығы мен масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу.
Осындай түсіндіру жұмыстары, семинар сабақтар, «дөңгелек үстел» отырыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.
Аталған іс-шара ұжымдағы моральдық — әдептілік ережелерін нығайтуға септігізін тигізеді.
Тараз қаласы №2 сотының бас маманы Алия Арзымбетова