2018 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» республикалық акциясы өтті.
Аталған шара елімізде алғаш рет бір күнде, бір уақытта еліміздің 19 ірі қаласында ұйымдастырылып жатыр.
Бұл дегеніңіз жалпы бір уақытта 1000-ға жуық сарапшы, атап айтқанда Қазақстан Республикасының үздік адвокаттары мен заңгерлері, сондай- ақ мемлекеттік органдардың өкілдері халыққа заңгерлік көмек көрсетеді.
Атап өту керек, биыл «Халықтық заңгер» акциясы елімізде ғана емес, әлемде теңдесі жоқ жаңа форматта өткізіліп жатқандықтан, «Халыққа бір мезгілде тегін құқықтық кеңес беру» номинациясы бойынша «Гиннестің рекордтар кітабына» еңгізуге өтініш берілді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек ұсыну болып табылады.
Аталған шара барысында Жамбыл облысының 500-ден астам азаматына сот, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, полиция, әділет, мемлекеттік кірістер, мемлекеттік қызмет істері саласындағы және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, сонымен қатар адвокаттар, нотариустар, медиаторлармен құқықтық көмек көрсетілді.
Акция Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» ақпаратты қжүйесі және Zakon.kz желілік басылымының бастамасымен өткізілді.