ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ. 9 айдың қорытындысы

Осыған дейін сайтымызда 6 айдың қорытындысы бойынша әкімдер рейтингі жариялаған болатынбыз. Бұл жолғы рейтинг 9 айдың нысаналы индикаторларының орындалмауына бойынша жасалды.
Еске сала кетсек алты айдың қорытындысы бойынша бірінші орын Сарысу ауданы, екінші орын Тұрар Рысқұлов ауданына тиесілі еді. Аутсайдерлер болып Жамбыл мен Байзақ аудандары аталған болатын.
9 айдың қорытындысы бойынша бірінші орынға Жамбыл ауданы орналасты. Орталықтандырылған сумен қамтамасыздандыру 89,6 пайыз, жастарға микрокредит бөлу бойынша 5 адам жоспарланып еді, бірақ бірде – біреуі орындалмады.

Екінші орынға генералдар мекені болған Жуалы ауданы жайғасты. Таулы аймақ басшылары жастарға несие беруде 3 адамға жоспар құрған, бірақ бірде – бір адам алмаған. Аудан орталықтарында «Жасыл белдеу» құруға берілген жер учаскелеріне тиісті шараларды жүргізу (көшет отырғызу, күтіп-баптау, сұғару, қору) 89,2 орындалса, Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 89,5, Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 96,7 пайыздары ғана орындалған.

Үшінші орын, премьер – министрдің кіндік қаны тамған Талас ауданына бұйырды. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер саны 99,7, ет экспорты 87,0, Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автожолдар үлесі 94,7, орталықтандырылған сумен қамсыздандыру 92,3 пайыздарын орындапты.

Төртінші орында Байзақ ауданына тиесілі. Бесінші орын Сарысу ауданы, алтыншы орында Мойынқұм ауданы, жетінші орында Меркі ауданы, сегізінші орынға Тұрар Рысқұлов ауданы жайғасты.

Это слайд-шоу требует JavaScript.


Тоғызыншы орындаа облыс орталығының басшысы Ғалымжан Райылұлы, оныншы орында Шу ауданы, ал соңғы орынға Қордай ауданы орнықты.

Это слайд-шоу требует JavaScript.


Байқасаныздар 6 айлық көрсеткіштерден 9 айдың көрсеткіш өзгерістерінің арасы жер мен көктей, оның ішінде аутсайдер болғандар көшбасшылық орынға көтерілген. Біздің ақпарат агенттігі әкімдердің рейтингісін ары қарай жалғастыратын болады.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X