ЖАСТАР САЯСАТЫНДА ІЛГЕРЛЕУ БАР МА?

Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстарының дамуының маңызды бағыттарының бірі. Болашақтағы Қазақстанның жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар өзінің әлеуетін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық өсу қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда. Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрсетілген. Бүгінде жастар саясатына қатысты жұмыстардың барлығы Мемлекет Басшысының жолдауына, «Болашаққа жол» 2020 жылдарға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына негізделіп жүргізіліп келеді. Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрініс тапқан. Сонымен қатар, облыста жастарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру бойынша «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Серпін-2050» жобалары жүзеге асырылуда.

Жалпы, өңірде жастар саясаты «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік Тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр. Бүгінде аймақта 240 222 жас (қалада- 90 763, ауылдық елді мекенде- 149 459) бар болса. Олар жалпы облыс халқының 21,5 пайызын құрайды. Жасыратыны жоқ, кез келген жұмыс тегін емес теңгесіне қарай ілгерілеп, іске асатындығы белгілі. Мәселен, осы жылы облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 574,6 млн.теңге (облыстық бюджет- 146,5 млн. теңге, қала/аудан бюджеттерінен- 428,1 млн. теңге) қаржы қаралыпты. Ал, өткен жылы- 571,5 млн.теңге бөлінген болатын. Демек, жыл сайын салаға бөлінетін қаржы көздері ұлғайып, көп көңіл бөлініп келеді. Расында, жоғары жақтан ақша бөлінетіндей-ақ бөлініп жатыр. Бірақ, одан нәтиже барма?!

Соңғы жылдары үкіметтік емес ұйымдарға көп көңіл бөлііп келеді. Бұл бағытта облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 64,7 млн. теңгеге 26 бағытта (ЖСМБ- 56,2 млн. теңгеге 10 бағыт, Тараз қаласы мен аудан- 8,5 млн. теңгеге 16 бағыт) әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырған. Ал, өткен жылы 34,5 млн. теңгеге 42 бағытта (ЖСМБ- 21,1 млн. теңге
17 бағыт, Тараз қаласы мен аудан- 13,4 млн. теңге 25 бағыт) әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылған екен. Жалпы, мұндай қыруар қаржы негізінен жастарды жұмыспен қамту, қиын өмірлік жағдайдағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталуда.

Шынболат Сейдуалиев


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X