«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020»: ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

Биыл 31 қазанда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың бұйрығымен «Көпшілік алдындағы партиялық тыңдауларды орталық және аймақтық деңгейде өткізу кестесі» бекітілген болатын. Кестеге сәйкес, бүгін партия облыстық филиалында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысы туралы партиялық тыңдау өтті.

Жалпы бүгінгі күнге дейін өткізілген партиялық тыңдауларда білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қызмет көрсету, жұмыспен қамту, индустриалды даму бағыттары бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың облыста жүзеге асырылу барысын жан-жақты қарап, талқылап, тыңдау қорытындысы бойынша бірқатар құзырлы органдарға тиісті ұсыныстар берілген болатын. Бұл жолы жоғарыда айтылған бағдарламаның облыста жүзеге асырылу барысы туралы мәселе қаралды.

Жиынды «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов жүргізіп отырды.

Арнайы құрылған жұмысшы топ Талас пен Меркі аудандарында болып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу жұмыстарына зерделеу жүргізген болатын. Зерделеу нәтижелерімен облыстық мәслихаттың депутаты Абылай Сансызбай таныстырды.

Бағдарламаны іске асыру бойынша облыста бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Дегенмен кемшіліктер де жоқ емес.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Талас және Меркі ауданы әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары баяндама жасады.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және дамыту мәселесі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл – Елбасы, партия Төрағасының тікелей тапсырмасы.

Нәтижесінде, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысы, жалпы кәсіпкерлер тарапынан жасалып жатқан жұмыстар, сондай-ақ осы салаға қатысты бірқатар проблемалық мәселелер анықталып, олар бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Ұсыныстар негізінде нәтижелі жұмыстар атқарып, алдағы күннің жоспарына енгізіліп, қатаң бақылауға алынатын болады.

 

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл

облыстық филиалының баспасөз қызметі


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X