ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БОЛАТЫН БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

Облыстық «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали, қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Гульфайруз Инкарбекова, «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жанар Оразымбетованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер «Кітап оқып, миллионер бол!» байқауы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жүлде қоры 3 миллион теңге болатын байқауға «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры, Қазақстанның еңбек ері Мұқаш Ескенедіров демеуші болып отыр. Байқаудың мақсаты Тараз қаласының қітапқұмар жастарына ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау, жастардың классикалық, қазіргі заманауи әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін ояту, жастардың бойында кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру және кітап оқуды ілгерлетуге тарту.

Байқаудың шарттары мен өту тәртібі:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі қаланың мектептерінде өткізіледі. Екінші кезеңде әр мектептен іріктелген оқушылар (оқырмандар) қалалық байқауға қатысуға мүмкіндік алады. Байқауға ұсынылатын әдебиеттерді байқау ұйымдастырушылары мен ақылдастар алқасы бірлесе іріктеп, таңдайды. Байқауға 100 кітап таңдап алынады. Қатысатын 5-7 сынып оқушылары 15 кітаптан, 8-11 сынып оқушылары 20-дан кем емес кітапты оқуы міндеттеледі. Байқауды өткізу мен әзірлік науқаны байқау жарияланған күннен басталады. Дайындық кезеңінде байқауды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен плакаттар, кітап туралы буклеттер шығарылады.
Байқаудың өткізу уақыты:
I-кезең 01.12.2018 ж. – 30.04.2019 ж. аралығында.
II-кезең (іріктеу кезеңі) 01.05.2019 ж. – 20.05.2019 ж. аралығында.
Салтанатты жабылуы мен марапаттауы 22.05.2019 ж.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X