Жамбылдық үш қоғамдық бірлестік ҮЕҰ арналған сыйлықақыны жеңіп алды

2018 жылы ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру жөніндегі конкурстық комиссия республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін 63 ҮЕҰ жетістіктерін атап өтті.
ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға өтінімдер іріктеудің бірнеше кезеңінен өтті.
Бірінші кезеңде өтінімдерді бағалау үшін 74 сарапшы тартылды, оның ішінде Батталова Зәуреш – «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті, Туменова Бахыт – «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті, Жовтис Евгений – қазақстандық құқық қорғаушы, Ертілесова Жаннат – Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрағасы, Темірбеков Ринад – Орталық Азияның Еуразия қорының атқарушы директоры, Шаукенова Зарема – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Петухова Надежда – «Еуразиялық медициналық қауымдастық» қауымдастық нысанындағы ЗТБ-нің вице-президенті, Қайрат Құдайберген – «Q3 WORLDWIDE» компаниялар тобының негізін қалаушы және басқалары.
Екінші кезеңде өтінімдер конкурстық комиссиямен қаралды, оның құрамына «Нұр Отан» партиясының хатшысы – Дүйсенова Тамара, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Айсина Майра, «Экологиялық ұйымдар Қауымдастығы» ЗТБ-ның басқарма төрағасы – Соловьева Айгүл, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары – Жұмағазиев Эльдар, ҚР еңбек сіңірген әртісі – Майра Ілиясова, тележүргізуші – Айгүл Мүкей және басқалар кірді.
Сарапшылар бағалауының қорытындысы бойынша «өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу» бағыты бойынша ҮЕҰ өтінімдері 50% балл жиналмауына байланысты, конкурстық комиссия осы бағыттағы сыйлықақыларды «халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» бағытына бағыттауға шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, байқауға 15 бағыт (номинация) бойынша барлығы 196 өтінім келіп түсті. Әр бағыт бойынша сыйақы мөлшері 2 000 АЕК құрайды – бұл 4 810 000 теңге.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында өтеді.
2018 жылға арналған ҮЕҰ сыйлық беру конкурсының жеңімпаздарының тізімі https://akk.qogam.gov.kz/kk/content/ueu-ushin-s


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X