Ақмола облысында 19 азаматтың заңсыз бұзылған құқықтары қалыпқа келтірілді

Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов мәлімдеді.
Өз кезегінде, Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға баса назар аударады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органдардың қызметінде а.ж. 9 айы ішінде жүргізілген талдау нәтижесі Ақмола облысының мемлекеттік органдарының 3 473 543 қызмет көрсеткенін көрсетті.
Оның ішінде қағаз түрінде 480 669, Мемлекеттік корпорациялар арқылы – 201768 , электрондық түрде – 1 928 910. Сонымен қатар қағаз түрінде көрсетілген 484 896 қызметтің 66 985 (16%) мөлшері «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіле алғанын атап өткен жөн.
Департамент а.ж. 9 айы ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында заңнаманы ұстану бойынша 63 бақылау шараларын өткізіп, нәтижесінде 589 заң бұзушылық анықталған.
Сонымен қатар, Департаменттің назарына қызмет алушылардың шағымдарын қарау мәселелері де алынған.
«Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша 44 өтініш қарап, 47 тексеріс өткізді. Тексеріс нәтижелері бойынша 21 өтініште көрсетілген дәлелдемелер расталды. Нәтижесінде Департаментпен 19 өтінім бойынша немесе 90,4 % қалыпқа келтіру бойынша шаралар қабылданды» — деп Әділбек Мұхамеджанов мәлімдеді.
Сонымен қатар брифинг барысында мектепке дейінгі жас шамасындағы балаларды балабақшаларға орналастыру бойынша кезекке қою мәселесі талқыланды.
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі мекемелерге балаларды орналастыру мәселелері бойынша әдіскері Әлия Өмірзақованың айтуынша, қазіргі уақытта балабақшаларға орналастыру кезегі баланың туған жылы бойынша бірыңғай қалалық кезекке енгізілген. Кезектердегі өтінімдер кезекке қойған күні бойынша ретімен орналасқан.
«Аkmola.kz ақпараттық жүйесі өтінім білдірушілерге кезекке тұруға, енгізілген өтінімдерді өзгертуге, мемлекеттік немесе жеке мектепке дейінгі мекемелерге тұруға мүмкіндік береді» — дейді Әлия Өмірзақова.
Сонымен қатар аталған жүйеде жеңілдіктер қарастырылған, олардың ішінде кезектен тыс, яғни әскери қызметшілердің балалары бар. Сонымен қатар бастапқы кезектегі балалар бар – ол заңды өкілдері мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, жетімдер, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие балалар.
«Өтінім білдіруші кезектің келгені жөнінде ескерту алғаннан соң ол балабақшаны таңдап, бағыттама алуы тиіс. Егер үш күн ішінде бағыттама алмаса, бұл орын барлық кезектегі азаматтар үшін қолжетімді болады. Бірақ бағыттама алмаған өтінім білдіруші кезекте қала береді» — дейді Әлия Өмірзақова.
Сонымен қатар ата-ана бағыттама алғаннан соң 5 жұмыс күні ішінде балабақшаға келмесе, аталған бағыттама автоматты түрде жойылып, бала 10 жұмыс күніне тоқтатым-параққа жіберіледі. Тоқтатым-парақта тұрған уақыт ішінде басқа бағыттама алу мүмкіндігіне шек қойылады. Егер өтінім білдіруші берілген бағыттаманың мерзімін 2 рет жіберіп алса, онда бала автоматты түрде кезектен шығарылады. Барлық қосымша сұрақтар бойынша қолдау көрсету қызметіне хабарласуға болады (87162252986).

Жазира Тоқтар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз-хатшысы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X