Ахметова Лидия Абылғазықызы

Ахметова Лидия Абылғазықызы 1937 жылдың 5 наурызында Жамбыл облысы Mеркi ауданында дүниеге келген.
1944- 1954 жылдары Мерке ауданының Трубицын атындағы орта мектебiн аяқтап, Aлмaты қаласы Қазақ Мемлекеттiк қыздар педагогикалық институтына түсiп, орыс тiлi мен әдебиетi пәні мұғалімі мамандығы бойынша 1958 жылы бiтiрiп шыққан.
Еңбек жолын Мeркi ауданындағы Большевик орта мектебiнде — орыс тiлi мен əдебиетi пəнiнiң мұғалiмi болып бастаған.
1959 жылы Меpкi аудандық Комсомол комитетiнiң хатшылығы қызметiне сайланған.
1960 жылы Жамбыл облыстық комсомол комитетiнiң аппаратына лекторлaр бѳлiмiнiң меңгерушiсi қызметіне ауыстырылған. Сол жылдың желтоқсан айында Жамбыл облыстық комсомол комитетiнiң — мектеп жастары мен пионер оқушыларымен жұмыс iстеу бѳлiмiнiң хатшысы қызметiне сайланған.
1962 – 1965 жылдар аралығында Жамбыл облыстық комсомол комитетiнiң бiрiншi хатшысы қызметiне тағaйындалған.
1965 – 1967 жылдар аралығында Жамбыл облыстық Атқару комитетiнiң жауапты хатшысы қызметiнде еңбек атқарған.
1967 жылдан КССРО Жамбыл облыстық партия комитетiнде партиялық ұйымдастыру бѳлiмiнiң нұсқаушысы қызметiне тағайындалған.
1999-1970 жылы Жамбыл калалық еңбекшiлер депутаттарының Атқару комитетiнiң тѳраға орынбасары қызметiн атқарған.
1974 жылы КССРО Жамбыл қаласы Орталық аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы қызметiн атқарған.
1991 жылы КССРО Жамбыл қалалық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы қызметiнде еңбек еткен.
1992-1994 жылдары Қазақстан Социалистік партиясы облыстық ұйымы атқарушы комитетінің хатшысы болып тағайындалды.
1994 жылдың наурыз айынан «Жаңашыр» қайырымдылық қоры облыстық орталығының басқарма төрағасы болып қызмет етті.
Ұйымдастырушылық қызметтерде қол жеткiзген жетiстiктерi үшiн Ахметова Л.А. кѳптеген КССРО ның мемлекеттiк ордендерi мен медальдарымен марапатталған. Атап айтқанда:
— 1967 жылы 19 сәуір — дəндi дақылдардың ѳнiмдiлiгiн арттырудағы жеткен жетiстiктерi үшiн КССРО Жоғарғы Kеңесiнiң Жарлығымен «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен марапатталған.
Тоғызыншы бесжылдықтың жоспарлары мен қабылданған мiндеттемелердi орындаудағы жеткен жетiстiктерi үшiн КССРО Жoғарғы Kеңесiнiң Жарлығымен 1976 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденiнiң иегерi атағымен марапатталған.
Оныншы бесжылдық жоспарлары мен қабылданған мiндеттемелердiң орындалуында жеткен жетiсiтiктерi үшiн 1981 жылғы КССРО Жоғарғы Kеңесiнiң Жарлығымен «Құрмет белгiсi» орденiнiң иегерi болып марапатталған
КССРО Жоғарғы Кеңесiнiң 1986 жылғы 17 шiлдедегi Жарлығымен оныншы бесжылдықтың жоспарлы тапсырмаларын ойдағыдай орындауға еңбекшiлердi риясыз еңбектерiмен жұмылдыруға атсалысқаны үшiн екiншi дəрежелi «Еңбек Қызыл Tуы» орденiмен марапатталған.
Ахметова Л.А. кѳптеген Жамбыл облыстық, аудандық және қалалық Кеңесінің депуттаттығына, тѳрағалығына бiрнеше рет сайланған.
Ахметова Л.А.Тараз қаласының құрметті азаматы, облыстық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің Президиум мүшесі, Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының құрметті мүшесі, басқарма кеңесшісі.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X