Тараз қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп — гимназиясының қабырғасында «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» драмасынан үзінді қойылым көресетілді. Қойылымға мектептің 10-11 сынып оқушылары атсалысты. Драманы көруге арнайы облыстық театрдің актері, ҚР мәдениет қайраткері Жүніс Әлімбекова, «Ақ жол» газетінің тілшісі Есет Досалы, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, мектеп түлегі Исламбек Дастан, мектеп директоры Салтанат Төлеу, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар және оқушылар қатысты. Қойылымның қоюшы ҚР мәдениет қайраткері Мәкен Рахымжанқызы. Шара соңында қонақтарға сөз берілді. Ал, Салтанат Ерсағатқызы төмендегідей пікір білдірді: — Өте ертеден келе жатқан әдебиетімізді жас ұрпаққа таныстыру үшін, жастардың бойында патриоттық сезімін оятуға осындай іс-шараларды өткізіп тұрамыз. 30 жыл бойы мектебіміздің оқушыларын сахнаға тәрбиелеп шығарған, мектебіміздің қадірлі ұстазы, ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанқызына үлкен алғысымды білдіремін.
TURANINFO.KZ