Қауіпсіздік – адамды өсу кезінде тәрбиелеудің бірден-бір қажетті ортасы. Ол әр түрлі экстремалдық жағдайлар орын алған кезде әрекет ету тәртібі.
Біздің аймақта аязды күз өте сирек, ал бұл жылы кенеттен аяз соқты.
Ауарайының жағдайына қарамастан әуесқой балықшылар облыстың су айдындарында өздеріне рақат алудан бас тартпайды.
Алайда барлығы қауіпсіздік шараларын сақтамайды
Ағымдағы жылғы 20 қазаннан 15 қараша аралығында ТЖ департаментінің қызметкерлері демалыс және мереке күндері Жуалы ауданы «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасы, Талас ауданы «Ақкөл, Көктал, Жартас» көлдері, Т. Рысқұлов ауданы «Новое» көлі, Сарысу ауданы «Ынталы» көлдеріне шығумен 35 алдын алу жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық жұмыс балықшылар арасында «Мұз үстіндегі қауіпсіздік» тақырыбында жүргізіліп, 255 дана жаднама мен плакат таратылды.
Ағымдағы жылғы қазан-қараша айларында облыс әкімдігінің Білім беру басқармасында он-лайн режимде «Мұз үстіндегі қауіпсіздік, зардап шегушілерге көмек көрсету» тақырыбында 93 орта мектептің 950 оқушының қамтылуымен 12 интерактивті сабақ жүргізілді.
Ағымдағы жылғы қазан айында Жамбыл облысының аумақтық коммуникация қызметінде «Қысқы мерзімде мұз үсіндегі қауіпсіздік» тақрыбында 2 брифинг өткізілді.
Күзгі-қысқы мерзімдегі қайғылы жағдайлардың алдын-алу мақсатында облыстық «Jambyl» телеарнасында «Қысқы мерзімде мұз үсіндегі қауіпсіздік» тақырыбында күнделікті қысқаметражды бейнероликтер, сонымен қатар қараша айынан бастап қала аумағында 3 LЕD экранда көрсетілуде.
Мысалға 12 қарашада «112» пультіне 11 қараша таң ертең Балхаш көліне (Тараз қаласынан 500-550 шақырым) Мыңарал ауылының 4 тұрғыны балық аулауға шығып, қайта оралмағандығы жөнінде хабар түсті. Жедел әрекет ету үшін Қарағанды облысы ТЖД «ЖҚЖ» ММ сүңгуір-құтқарушы тобы Приозерск қаласынан (шамамен 100 шақырым) шықты.
15-36 сағатта Жамбыл облысы ТЖД бастығының тапсырмасы бойынша ТЖД «ЖҚЖ» ММ сүңгуір-құтқарушы тобы (Топ басшысы Б. Искаков, 5 адам 1 жүзу құралы және 1 техника) шықты.
Ағымдағы жылғы 12 қарашада жергілікті тұрғындармен 2 балықшы аман есен табылды.
Ағымдағы жылғы 12 қарашада Мыңарал ауылына Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары М. Естаев және Мойынқұм ауданы ТЖ бөлімінің бастығы жоғалған балықшыларды іздестіру жұмысының жағдайын нақтылауғы шықты. Оқиға орнына келісімен Балхаш көлінде жоғалған балықшыларды іздестіру жөнінде шұғыл штаб отырысын өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша қатысты мемлекеттік органдардың басшыларына жоғалған балықшыларды іздеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ағымдағы жылғы 13 қараша сағат 9:00-ден бастап Жамбыл облысы ТЖД «ЖҚЖ» ММ сүңгуірлері Мыңарал ауылының балық зауытының жүзу құралымен іздеу жұмыстарын жүргізу орынын визуалыд зерделеу жүргізді. Көлдің жағасынан 700-800 м. кашықтықтағы кіші аралдан балықшылармен таң ертең жоғалған балықшылардың біреуіне тиесілі болуы мүмкін киімі ЖӘҚК (жалпы әскери қорғану киімі) табылған.
Ағымдағы жылғы 13 қарашада сағат 18:00-де табылған қайықтан 350 м. қашықтықта батып кеткен балық аулау ауы (шамамен ұзындығы 5000 м.) табылып, жоғалған балықшылардың бірінің әкесі аудың баласына тиесілі екендігін растады. Балқшылардың өз ауына оралып қалу мүмкіндігі себебімен қайықтың бортына ауды көтерді. Сүңгуірлердің жұмысының жүргізілмегендігі «Сүңуірлік жұмысын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес, су температурасының төмен болуына байланысты жүргізілмеді.
Ағымдағы жылғы 13-15 қараш аралығында ТЖД «ЖҚЖ» ММ 5 сүңгуірі және 30 жергілікті балықшылармен жүзу құралы арқылы 2 жоғалған балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар ағымдағы жылғы 15 қарашада Жамбыл облысы ТЖ Департаменті бастығының тапсырмасы бойынша оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 4 адам 1 техника жолданды.
ТЖ Департаменті азаматтарға балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
Мұз үстінде рұқсат берілмейді:
— мұздың жұқа және қатпаған мұздың аймағына шығу;
— мұздың жеке аймағында топ болып жиналуға;
— ойықтармен шұқанақтар және жарық жерлерге жақындауға;
— өткелдерде автокөлікпен өтуге;
— мұз үстіне тәуліктің қараңғы және көру мүмкіндігі жоқ кезде шығуға жол берілмейді;
— мұз үстінде балық аулау тек жеке құтқару құралы болған жағдайда ғана жол беріледі;
— шектелген аймақта 2 ден көп тесік теспеуге;
— от жағуға.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Су – тек дұрыс қолданған жағдайда өмірдің мәні мен бақыты.