Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Мұрат Райымқұлов қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Мұрат Қырғызбайұлы соңғы 10 айда орман заңнамасын бұзғандар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры 864023 гектарды құрайды. Орманды жерлер 785744 гектарды құраса, орманмен қамтылған жерлер 568579 га. 78279 гектар ормансыз жерлер.
2017 жылға дейін орман шаруашылығы орман қорының кеспеағаш аймағынан тыс жерлерден жергілікті тұрғындарға сексеуіл қоқысын әр отбасына 4 текше метр көлемінде тегін босатып келген.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесуге тыйым салу туралы» №211 бұйрығы бекітілген. Осыған орай, мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түрлеріне осы жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынған.
Сексеуіл екпелерін сақтау мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесуге тыйым салу тағы 5 жылға, яғни, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту жобасын әзірлеуде.
Сондай-ақ, 2017 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 91 бабының 1 тармағына өзгерістер енгізіліп, сексеуіл екпелерінде халық өздігінен қураған сексеуіл отынын жинай алмайтынын, қураған сексеуіл отынын жинау мен сатуды тек мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асырады деп белгілеген.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» №544 Заңынын 32 бабына сәйкес сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің қураған сексеуіл отынын жинау мен сатуын қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде жеке тұлғалардың сексеуіл өнімдерін сатуға тыйым салынған.
Бүгінгі таңда осы заңнама аясында Мойынқұм, Қылышбай, Қарабөгет, Ұланбел ауылдық округ әкімдіктерінің ұсынған тізімі бойынша Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі кеспеағаш аймағынан тыс жерлерде өздігінен құлап жерде жатқан қоқымдарды (қара шірік сексеуіл) жинап, бір орталықтан жергілікті халықты отындық ағашпен қамтамасыз ететін болады. Яғни бұл мәселе бойынша тікелей Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі айналысатын болады.
Бүгінгі таңда мекеменің жүріп тұрған 3 дана МТЗ тракторларына қосымша 11 автокөлікпен қоқыс тасып беруге келісім-шарт жасалып 4 үйге 1 текше метрі калкуляцияға сәйкес 10213,06 теңгеге есептеліп, 32 текше метр сексеуіл қоқысы түсірілді. Отын босату барысында заң бұзушылық анықталған жоқ.
Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесіне 2018 жылдың 30 қазанында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қызметкерлері мен теле арналар тік ұшақпен рейд жасау барысында, қашып келе жатқан құқықбұзушының көлігін алдынан шығып тоқтату туралы тапсырмасы түсті. Сол мезетте мекемеден екі УАЗ Хантер көлігі құқық бұзушының алдын кесуге шықты. Бір Уаз көлігі директор орынбасарының м.а. басқарған топпен Мойынқұм ауылының күн батыс бағатын аңдып күзету жұмыстарын жүргізді. Екінші топ Уаз көлігімен мекеменің аңшылық маманы Ж.Молдахметовтың басқаруымен Мойынқұм-Ұланбел тас жолынан күтіп алып, қашып келе жатқан Зил-131 автокөлігін құып Қыршу каналымен Радай өзендерінің суын кешіп өтіп, Мойынқұм-Қомсолом гравий төселген жолында жетіп алып тоқтатты. Нәтижесінде аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шаралар барысында Зил-131 жүк автокөлігі Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінін ауласына жеткізілді. Аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу қызметімен бірлесіп, құқық бұзушының лақтырып тастап кеткен сексеуіл отыны трактор тіркемесімен мекеме ауласына жеткізілді. Тергеу барысында сексеуіл отыны Мойынқұм-Ұланбел тас жолынан оңтүстік бағытқа қарай 45-50 шақырым жерінен теріліп, алынғаны анықталды. Алайда, Мойынқұм орман қорының сол бағыттағы шекарасы 28-30 шақырымнан кейін бітеді. Яғни, сексеуіл отыны Мойынқұм орман қорынан алынбаған.
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері 2018 жылдың 10 айында 67 рейд жүргізіп, орманды күзету және қору жұмыстарының нәтижесінде 38 әкімшілік хаттама толтырылып 4 жеке тұлғаға ескерту беріліп, 33 жеке тұлғаға 358 мың 345 теңге айыппұл салынды. Таратып айтқанда, заңсыз сексеуіл отынын тасымалдағаны үшін 10 адамға 120250 теңге, заңсыз түрде дәрілік өсімдік жинағаны үшін 17 адамға 93795 теңге, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін 11 адамға 144300 теңге айыппұл салынды.
Мойынқұм орман 2018 жылы төрт өрт оқиғасы орына алып, өртке шалдыққан жердің жалпы көлемі 9999 га құрады, оның ішінде орманмен қамтылған жерлер 6876,2 га, орманмен қамтылмаған жерлер 2027,2 га, ормансыз жерлер 1095,5 га.
Таратып айтқанда;
І. 2018 жылдың 01 шілде күні Байзақ орман шаруашылығынан шыққан өрт Қарашарда орманшылығының 157 орамына өтіп, сол күні өшірілді. Өртті өшіруге 41 адам, 7 автокөлік, 4 трактор қатысты.
Өрт алаңы 2047 га құрады, оның ішінде орманмен қамтылған жерлер 242, орманмен қамтылмаған жерлер 1540 га, ормансыз жерлер 365 га.
ІІ. 2018 жылдың 2-5 шілде аралығында Қарашарда орманшылығының 131,132,141,142 орамдары өртенді. Өртті өшіруге 54 адам, 8 автокөлік, 4 трактор қатысты.
Өрт алаңы 6296 га құрады, оның ішінде орманмен қамтылған жерлер 5239 га, орманмен қамтылмаған жерлер 287 га, ормансыз жерлер 770 га.
ІІІ. 2018 жылдың 12-13 шілде аралығында Жуалы орман шаруашылығынан шыққан өрт Қарашарда орманшылығының 149,151 орамдарына өтті. Өртті өшіруге 9 адам, 1 автокөлік, 1 трактор қатысты.
Өрт алаңы 833 га құрады, оның ішінде орманмен қамтылған жерлер 773 га, ормансыз жерлер 60 га.
IV. 2018 жылдың 13-14 шілде аралығында Төменгі-шу орманшылығының 126,158 орамдары өртенді. Өртті өшіруге 19 адам, 2 автокөлік, 2 трактор қатысты. Өрт алаңы орманмен қамтылған 813 га жерді құрады.