Ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыруға бағытталған семинар өтуде

Бүгін Тараз қаласында Азаматтық орталықта Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеттің әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша іс шараларды өткізу» атты семинар басталды. Семинардың лекторы болып «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бақыткүл Елшібаева, бизнес — тренер Ғалым Жұқыпбаев жүргізуде. Семинарда үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Ауылдық ҰЕҮ белсенділігін арттыру», «Жергілікті қауымдастық технологиясы — қалай жұмыс істейді», «Ауылдық қауымдастықтардың жұмысының сапасы» атты семинарлар өткізілуде. Шараға Тараз қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары, ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X