Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыстық Ішкі істер департаментінің ЖПҚ Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Қуанышбек Жақсылықұлы Қалжановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 12 — 23 қараша аралығында республика көлемінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан басталды.
Ақпараттық науқан мақсаты — қоғам назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне аудару, тұрғындар арасында қатыгездікке төзбеушілік қарым-қатынастарды қалыптастыру.
Ақпараттық науқан жоспары мен тұжырымдамасы бекітілген. Аталған акция аясында әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балаларды анықтау мақсатында «Отбасында зорлық-зомбылық жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Көше», «Жасөспірім» атты кең ауқымды ведомствоаралық рейдтік шаралар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Қоғамның назарын балаларды қатыгез ұстау мәселелеріне аудару және балаларды қатыгез ұстау, тәрбиелеудің зорлық әдістеріне жол берілмеу туралы ақпаратты тарату бағытында төмендегідей іс-шаралар өткізіледі:
Ата-аналар мен оқушылар үшін тақырыпттық стендтерді ресімдеу және жаңарту. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшаларды тарату.
Бұқаралық ақпарат құралдарында (басылымдар, Ғаламтор қорларында) балаларға қатысты қатыгездік жасалған жағдайда көмек көрсету қызметтері туралы ақпарат орналастыру.
Бұқаралық ақпарат құралдарында балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу бойынша мақалаларды, сұхбаттарды жариялау.
Әр түрлі нысаналы топтарға арналған (балалар және жасөспірімдер, ата-аналар және педагогикалық қызметкерлер): «Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу. Мамандарға арналған жадынама», «Ата-аналар үшін жадынама», «Ата-ана болу – керемет!», «Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?», «Кімге жүгіну керек?», «Әр бала зорлық- зомбылықсыз балалық шаққа құқылы», «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!», «Зорлық-зомбылыққа бірге төтеп берейік!», «Ата-аналарға ынталандыру және жазалау жөнінде», «Балалық шақ қорғалуда», «Тыңдалуға құқық» және т.б. тақырыптық кітапшаларды, жадынамаларды, ақпараттық парақшаларды басып шығару және тарату.
Флеш-моб, балалар арасындағы пікірталас турнирлері, пікірсайыс алаңдарын, «Тыңдалуға құқық» аутрич-науқандарын, ата-аналар қауымдастығының қатысуымен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу.
«Бақытты отбасы», «Зорлық- зомбылыққа төтеп берейік» тақырыптарында фотоконкурс ұйымдастырып өткізу.
Балаларға қатысты зорлық- зомбылық және қатыгездіктің алдын алу мәселелері бойынша білім беру мекемелерінде әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиет көрмелерін ұйымдастыру.
Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сыныптары арасында «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» атты үздік эссе байқауын ұйымдастырып өткізу.
Заңгер, ЮП инспекторлары және т.б. шақырумен оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары», «Өкпелеу және қорлаудан сақ балалар» және т.б. тақырыптарда шығумен сынып сағаттарын өткізу.
Білім беру мекемелері педагогтерінің қатысуымен «Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары», «Тыңдалуға құқық» семинарларын өткізу.
Өнер саласындағы көрнекті қазметкерлері, мәслихат депутаттары, «Ақсақалдар кеңесі», «Ардагерлер кеңесі» азаматтарын тарта отырып «Ұрпақтар арасындағы диалог» сұхбат алаңын ұйымдастыру және өткізу.
Ата-ана жауапкершілігін насихаттау бағытында төмендегідей іс-шаралар өткізіледі:
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық- зомбылық қылмыстардың, соның ішінде сексуалды сипаттағы қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақырумен «Отбасындағы зорлық-зомбылық: балаға қалай көмектесуге болады?»; «Зиянды әдеттерге қарсы тұру»; «Жасөспірімдерді шығармашылық қызметке қатыстыру әдістері»; «Балаларға қатысты қатыгездік нысандары және оның зардаптары»; «Әке мен шешенің тәрбиелік маңызы», «Жазалау және ынталандыру мәселелері бойынша ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» ата-аналар жиналысын өткізу.
Балалармен, жасөспірімдермен және ата-аналармен консультациялық, психокоррекциялық жұмыс ұйымдастыру.
Республикалық және облыстық телеарналарда бақытты балалық шақ және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын жағымды бейнетаспалардың көрсетілімін ұйымдастыру.
Кинотеатрларда фильмдердің қайырымдылық көрсетілімдерді ұйымдастыру.
Ата-аналар қауымдастығы үшін «Тыңдалуға құқық», «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік!» семинар-тренингтер өткізу.
Балаларға қатысты зорлық- зомбылық және қатыгездік жағдайларда көмек көрсетудің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруын қамтамасыз ету бағытында төмендегідей іс-шараларды өткізіледі:
Отбасындағы зорлық- зомбылыққа қатысты белгілерді елеу бойынша шығу оңтайлы бригадаларының жұмысын ұйымдастыру.
Әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалардың психологиялық тексерілуін, психологиялық тренингтер ұйымдастыру.
Әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында «Отбасыда зорлық-зомбылыққа жол бермейік», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» сияқты кең ауқымды ведомствоаралық рейдтерді ұйымдастыру және өткізу.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) кабинеттерінде «Біз — салауатты келешек үшін!» ашық есік күндерін ұйымдастыру, — деп сөзін аяқтады Талғат Жамалов.