Оралда 19 жастағы студент қыз Гүлдана Тұржанова іздестіріліп жатыр. Ол үйінен 21 қазанда кетіп, сол күйі оралмаған, өзімен бірге не ақша, не киімдерін алып кетпеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.
«Сол күні кешке біз кешкі уақытта бірге тамақтандық. Сосын мен ұйықтадым, таңертең қарасам Гүлдана үйде жоқ. Оның барлық заты — құжаттары, ақшалары, сөмкесі барлығы бөлмесінде тұр. Қызым бес минутқа шығып, сол күйі жоғалып кеткен сияқты», — дейді қыздың анасы Альбина.
Туыстарының айтуынша, үйде ешқандай жанжал болмаған. Гүлдана үйдегілерді ескертпей ешқайда кетпеген.
«Гүлдананы көргендер немесе ол жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден көмек сұраймыз», — дейді жоғалып кеткен қыздың анасы. Гүлдана Тұржанованың қайда екені жайлы мәлімет білетіндерден 102 нөміріне немесе қыздың анасы Альбинаға — 8 777 569 10 88 хабарласуды сұраймыз.
«Мой Город» мәліметінше, Гүлдана жоғалып кеткен оның әлеуметтік желідегі парақшаларының барлығы өшірілді. Жазда ол диплом алуы тиіс екен.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz