Алла үйінің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты.

Құлшылық үйінің ашылу рəсімінде сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Алла Тағала мешіт салған адамның дəрежесін екі дүниеде де арттырып қояды. Алла үйін тұрғызуға титімдей болсын үлес қосқан пенделер де сауаптан кенде қалмайды. Пайғамбар хадисінде: «Алла Тағала мешіт салған құлына жəннатта сарай тұрғызады», — деген. Аллаға шүкір, егемендік алған жылдардан бастап осындай күмбезді мешіттердің қатары көбейді. Халқымыз: «Азаны бар ауыл азбайды», — деген. Жаңа мешіт Жамбыл облысы жұртшылығының игілігі мен бірлігі үшін, имандылығы мен рухани дамуына қызмет етеді деген сенімдемін. Құлшылық үйі баршамызға құтты болсын», — деп атап өтті.

Салтанатты іс-шара соңында ҚМДБ төрағасы «Нəметбай» мешітінің бас имамына қасиетті Құран кітабын сыйға тартты.

Айта кетейік, жаңа мешітте бір мезетте 800 адам құлшылығын өтей алады.

Это слайд-шоу требует JavaScript.