Бас мүфти Әулиеата өңірінің зиялы қауым өкілдерімен сұхбаттасты (ФОТО)

202
ҚАРАЛЫМ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары барысында өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Басқосуға облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кəрібайұлы бастаған жергілікті этно-мəдени орталықтардың жетекшілері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жазушылар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кездесуді жүргізген облыс əкімінің міндетін атқарушы Бекболат Орынбеков алғашқы сөзді Бас мүфтиге берді.

«Қадірлі ағалар, зиялы қауым өкілдері! Халқымыздың рухани темірқазығы болған киелі Əулиеата өңіріне келіп, өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Пайғамбарымыз өз хадисінде айтып кеткендей, бір-біріне сəлем берген, əр істі бисмиллəмен бастаған, Аллаға шүкір ете білген қоғамға қауіп келмейді. Демек, пайғамбарымыз өсиет еткен осы үш амалды жүзеге асырған қауымға бақыт ұялайды. Бұл құндылықтар біздің салтымызда, дəстүрімізде көрініс тапқан. Біз жастарымызға обал мен сауаптың мəнісін терең үйретуіміз керек. Баршаңызды ұрпақ тəрбиесіндегі осынау игі істерді бірлесе атқаруға шақырамын», — деп үндеу тастады Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Кездесуде сөз алған Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жандар Кəрібайұлы көне Тараздың тағылымды тарихы жайлы пікірін білдірді. Сонымен қатар жергілікті этно-мəдени орталық өкілдері Жамбыл облысына арнайы келген Бас мүфтиге алғысын жеткізді.

Дереккөз  asyldin.kz сайтынан

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы