Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова пара алу фактісімен ұсталған Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«2018 жылғы 3 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталды. Ол мемлекетттік-жеке меншік әріптестік аясында іске асырылып жатқан құны 4,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобасы бойынша жалпы қамқорлығы үшін құрылыс компаниясы өкілінен келісілген 400 мың еуро пара сомасы бөлігінің 115 мың еуроны алды деп күдіктелуде», — деп мәлімдеді Жанна Бастарова.
Оның айтуынша, Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасуда.
Дереккөз Baq.kz сайтынан