Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қарқынды түрде ағылшын тілін үйреніп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы 6 қарашада өткен Astana Hub шарасында қазақстандық стартап-компаниялармен және жас кәсіпкерлермен әңгімелесіп қайтқан болатын. Кәсіпкерлердің бірі Назарбаевқа ағылшын тілін меңгерудің тиімділігін 2-3 есеге арттыратын жоба жайлы айтып берді.
«Премьер-министр қарқынды түрде ағылшын тілін үйреніп жатыр, оған көмектесіңдер», — деп әзілдеді Президент.
Дереккөз Tengrinews.kz сайтынан