ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ АРНАЙЫ ШЕНІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры Мейірхан Шукеев арнайы сыныбы — әділет кеңесшісі шенінен айырылды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.

М. Шукеев Жамбыл облысы прокурорының 2015 жылдың 10 мамырындағы №128 ж/қ санды бұйрығымен Жамбыл облысы Тараз қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры лауазымына тағайындалған.

2016 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3- бөлігімен айыпталған азамат «М.» құқықтық көмек көрсету туралы адвокат «Д.» жүгінген. Адвокат «Д.» айыпталушы «М.» қылмыстық ісі бойынша жәбірленушіден кешірім арызын алғаннан кейін, айыпталушы «М.» істі қысқартуға көмек беретінін ұсынып, ол сұрақты шешу үшін Тараз қалалық прокуратура қызметкері М. Шукеевпен сөйлескен.

М.Шукеевте өзінің құзыреті мен қызметтік өкілеттігіне кіретін мәселелерді пара алу арқылы айыпталушы «М.» пайдасына оңтайлы шешу ниеті пайда болған. Пара алуға бағытталған қылмыстық ниетін жүзеге асыра отырып, адвокат «Д.» — мен арадағы келісімге сәйкес, Жамбыл облысы Ішкі Істер Департаментінің өндірісіндегі «М.» қатысты қылмыстық істі зерделеу үшін сұратып алған.

2018 жылдың 18 маусымында М.Шукеев пара алуға бағытталған ниетін аяғына дейін жеткізу мақсатында адвокат «Д.» айыпталушы «М.» қатысты қылмыстық істі қысқарту мәселесін 6 000 (алты мың) АҚШ долларына, теңгеге шаққанда 2 000 000 (екі миллион) теңгеге теңестірілген сомаға шешіп беруге келіскен. М. Шукеев өзінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектісі болатынын түсініп, әшкереленуден қорқып, адвокат «Д.» қылмыстық істі тараптардың татуласуы бойынша сотта қысқаруына ықпал ету шартымен «М.» келіссөз жүргізуіне келісім берген. Адвокат «Д.» М. Шукеевтің пара алу рөлін өзіне қабылдауға келісіп, «М.» 6 000 (алты мың) АҚШ долларын өзі арқылы беріп жіберу туралы М.Шукеевтің талабын жеткізген. Айыпталушы «М.» М.Шукеевтің шарттарына келіскен, бірақ  тек 5 000 (бес мың) АҚШ доллары көлемінде сыйақы бере алатынын айтқан.

2018 жылдың 19 маусымында сағат 20.00 шамасында айыпталушы «М.» М.Шукеевтің айтарлықтай мөлшерде пара алуына көмектесуші рөлін атқарып, Тараз қаласы, 2 мөлтек ауданы, «На фонтанке» кафесінің ауласында М. Шукеевке жеткізіп беру үшін айыпталушы «М.» 2 000 000 (екі миллион) теңге пара алу барысында ұсталған. Оқиға орнын қарау барысында айыпталушы «М.» ол ақша тәркіленіп алынған.

Айыпталушы «М.» сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен өзара әрекеттесіп, М.Шукеевтің қылмыстық іс-әрекетін әшкерелеу туралы арыз берген. Осы күні айыпталушы «Д.» 2 000 000 (екі миллион) теңге М.Шукеевке апарып беру үшін тапсырылған.

2018 жылдың 20 маусымында сағат 00.04 шамасында жедел іздестіру шаралары барысында Тараз қаласында орналасқан «Атриум» ресторанының автотұрағында айыпталушы «Д.» 2 000 000 (екі миллион) теңге алу барысында М. Шукеев ұсталған. Оқиға орнын қарау барысында М.Шукеевтен 2 000 000 (екі миллион) теңге алынған, оның 920 000 (тоғыз жүз жиырма мың) теңгесі муляж екені, ал 1 020 000 (бір миллион жиырма мың) теңгесі шынайы ақша екені анықталған. М.Шукеев лауазымды адам бола тұра, делдал арқылы, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттері үшін, ақша түрінде айтарлықтай мөлшерде ақша алған, оның әрекеті қылмысты қудалау органымен ҚК-тің 366-бабының 2-бөлігімен дәрежеленген.

Қылмыстық кодекс бойынша Мейірхан Шүкеев өз кінәсін мойындап, ҚР ҚК 366 бабының 2 бөлігімен өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған. Сот үкімі бойынша үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі күшіне енді.

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X