Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Әлібек Мұратбаев, «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб-имамы Бахтияр Әмреев, облыс әкімдігінің «Оңалту орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Азамат Балхожаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Дін мен біліктілікті жетілдіру аясында отандық діни оқу орындарында білім алудың маңыздылығын түсіндіру» жобасы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
1.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізу»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматшалар арасында бейімдеу жұмыстары бойынша 2 кездесу, 2 тарихи –өлкетану мұражайларымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. ұйымдастырылды. Дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматшалар арасында «Dana Del» орталығында қол өнер мамандарын қатысуымен 3 қол өнер сабағы ұйымдастырылды.Сонымен бірге Шу, Қордай аудандарында және Тараз қаласының мешіттерінде азаматшалармен кездесу-семинарлар ұйымдастырылды. Іс-шараларға дінтанушы Усенова Зейнеп пен Алдасаева Гүлжан және психолог Абдрахманова Айгул мен Абдуалиева Арайлым қатысып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 20 азаматшалармен жеке кездесулер ұйымдастырылып, қоғамға бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Үйлестірме материалдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министірлігімен келісілген тақырыптық әдістемелік құралдар шығарылды. (екі тілде 500 дана, тапсырыс берушімен келісу).
1.2 «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізу» жобасы бойынша
*Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізілді. Оның ішінде Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауданы, Жамбыл ауданы, Байзақ ауданы, Шу ауданы, Қордай ауданы, Мойынқұм ауданы, Сарысу ауданы, Талас ауданы, Жуалы аудандарында және Тараз қаласында «Әзірет Әли»,«Әбдіқадыр»,«Құлбай баба», «Шейх Зүннүн», «Һибатулла-Тарази», мешіттерініде 15 іс-шара мен 30 адаммен жеке кездесу өткізілді. Іс-шараларға дінтанушы Әмреев Бахтияр мен Кенжемолдаев Алмас және психолог Қожахметов Дәуреннің қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оларды үйлестірме материалдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
3.2 «Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар жәнеқызметкерлері арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы бойынша
*Пробация қызметкерлері арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша есепте тұрған азаматтар мен қызметкерлерге облыстың барлық аудандарында және Тараз қаласында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, 30 адаммен жеке кездесу, қоғамға бейімдеу бойынша жұмыстары жүрзілді.: Жалпы саны 11.
Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы аясында «Дін мен біліктілікті жетілдіру аясында отандық діни оқу орындарында білім алудың маңыздылығын түсіндіру »жобасы іске асыру бойынша есебі.
Жоба бойынша Әр түрлі санаттағы облыс тұрғындары,оның ішінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарының 14-29 жас аралығындағы жастар арасында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» қазақ халқының дәстүрлі діни құндылықтарын насихаттау бойынша Тараз қаласы мен облыс аудандарында және оның ішінде Жамбыл ауданы (Аса, Шайқорық, Бірлесу-Еңбек, Жасөркен, Гродеково), Байзақ ауданы (Көктал, Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Түймекент, Мырзатай), Жуалы ауданы (Көлбастау, Теріс), Т.Рысқұлов ауданы (Құлан, Көгершін), Талас ауданы (Қаратау, Ақкөл), Сарысу ауданы (Жаңатас, Саудакент), Меркі ауданы (Меркі, Жамбыл), Шу ауданы (Шу, Төле би, Белбасар), Қордай ауданы (Масаншы, Сортөбе), Мойынқұм аудандарында кездесулер, әңгімелесулер, «дөңгелек үстел» отырыстарын, семинарлар циклын ұйымдастыру жұмыстары өткізіліді. Жалпы саны 50. Аталған шараларға «Тектұрмас» мешітінің имамы Кенжемолдаев Алмас Рысханұлы қатысып, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Республика бойынша жоғары және орта кәсіптік діни білім беретін мекемелердің Жамбыл облысындағы «Дін және жастар» тақырыбында жастардың діни білімі мен біліктіліктігін жетілдіруге бағытталған ашық есік күндері өткізілді. Аталған іс-шараға 5 жоғарғы оқу орнынан келген Кеңшілік Тышқан, Бағдат Бейсенов, Затов Қайрат, Оразбай Сержан қатысты. Жоғарғы оқу орындарының дінтанушыларының қатысуымен «Діни білім мен біліктілікті жетілдіру аясында отандық діни оқу орындарында білім алудың маңыздылығын түсіндіру» тақырыбында тұрғындар арасында, оның ішінде 10-11 сынып оқушылары мен мешіт жамағаттары, жұмыссыз жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. «Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша журналистер арасында бірнеше номинациялар бойынша үздік шығармашылық жобаларды әзірлеу конкурс арқылы ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдағы конфессияаралық тұрақтылықты сақтау бойынша журналистер арасында 3 номинация бойынша «Үздік әлеуметтік бейнеролик», «Үздік мақала», «Белсенді блогер» республикалық конкурс өткізілді. Жоба үш кезеңде жүзеге асырылған болатын. Ақпараттық науқан (жарнамалық 1 минуттық бейнеролик дайындалады);Өтінімдерді жинау және жеңімпазын анықтау; Салтанатты марапаттау рәсімі; Келісім шартқа қол қойылған күннен бастап 1 ай аралығында конкурс ережесін, конкурс барысын қазақ және орыс тілдерінде күнделікті БАҚ-да жарияланды. Республикалық телеарнада жарнама жасалынды. Облыстық телеарнада екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) жарнама жасалынды. Республикалық, облыстық және аудандық газеттерде конкурс ережесін жарияланды. Діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдағы Конфессияаралық тұрақтылықты сақтау бойынша журналистер арасында Республикалық «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында байқау өткізілді.. Ағымдағы жылдың 22-қазан күні Жамбыл облыстық қазақ-орыс драма театрында аталмыш байқаудың қорытынды кеші өткізілді. Біздің ұсынған сыннан өткен журналистер байқауға үш номинация бойынша сайысқа түскен болатын «Үздік әлеуметтік ролик», «Үздік мақала», «Белсенді блогер». «Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясы бойынша 15 қатысушы бақ сынап арасында 3 орынды Жұмат Бауыржан, 2-орын Серікбол Берікқожа, 1-орынды Молдабекова Қырмызы иеленсе, Бас Жүлде 500 мың теңгені қанжығасына байлаған Тараздық ағамыз Жаманқұлов Даулет. Оның ішінде Қызылорда және Алматы қалаларының азаматтары да қатысқан болатын. «Үздік мақала » номинациясы бойынша 21 қатысушы өтінім білдірген болатын. Суырылып өз қаламының қарымды екеніні дәлелдей білген, яғни 3 және 2 орын Әбдісамат Әбдіш пен Қызылордалық Жадыра Аққайыр иеленсе, 1-орынмен Узбекова Айжан Орынбасаровна иеленді. Ал, Бас Жүлде 300 мың теңге қаламы мұқалмайтын Досалы Есет Жаңабайұлына бұйырыпты. Әлеуметтік желіні жілікше шағатын «Үздік блогер» номинациясы бойынша 14 белсенді блогер қатысты. Оның ішінде 3-орынды Оспанова Аружан , 2-орынды Д.Б.Малғаждар және 3-орынды Әшірбек Мөлдір иеленді. «Үздік блогер» номинациясы бойынша өзінің белсенді блогер екенін дәлелдей білген Айбек Сатанбек Бас Жүлде 150 мың теңге иеленді. Ал, 4 және 5 орынға ие болған журналистерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.