2018 жылдың 26 қазанында Тараз қаласы Полиция басқармасының саптық алаңында отанға деген сүйіспеншілікті және патриоттық сезімді арттыру мақсатында қалалық гарнизонның жеке құрамы сапқа тұрғызылып, қызметке жаңадан тұрған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Мемлекеттік Гимні орындалған соң Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі С.Сексенбаев жас қызметкерлерді құттықтап, анттарына берік, қызметте адал және төзімді болуларына тілектестігін білдірді.
Іс-шара жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ