Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Хамит Саттарқұлұлы «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап береді.
Бүгінде медициналық көмектің сапасы елдің қоғамдық өмірінің әл-ауқатының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық медицинаны жетілдіру мәселесіне үнемі назар аударуда.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек екендігін үнемі атап өтуде.
Елбасымыздың жолдауында, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерінде денсаулық сақтау саласына жаңа көзқарасында айтулы мәселелер қозғалды.
Электронды денсаулық сақтау сертификаттарын енгізуді жылдамдату, азаматтарға олардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратқа интернетте қолжетімділікті қамтамасыз ету және әр түрлі мобильді технологиялар арқылы медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейту жоспарланып отыр. Барлық медициналық ұйымдар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қағазсыз жұмыс формасына көшуі керек. Ағымдағы жылдың аяғына дейін барлық медициналық ұйымдар ақпараттық жүйелерді 100% қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, медицинада инновациялық технологияларды енгізу (жасанды интеллект, генетикалық талдау негізінде дербестендірілген медицина) бойынша шаралар қабылданатын болады.
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.
Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.
Біздің өңір де денсаулық сақтау саласын цифрландыру үдерісіне белгілі бір үлесін қосуда.
Біз де медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу процесін енгізу бойынша нақты қадамдар жасаудамыз.
2016 жылғы желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары И.Тасмағамбетовтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық ақпараттық жүйені енгізу бойынша шешім қабылданған. Соның негізінде:
Спикердің айтуынша, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «ELSI-MED» медициналық ақпараттандыру жүйесін енгізу мақсатында «Human Development Group» акционерлік компаниясымен 2017-2018 жылдарға ынтымақтастық туралы меморандум жасады. 2017 жылы жергілікті бюджеттен 470,0 млн. тенге бөлінді. Медициналық ақпараттандыру жүйесін енгізуге: 2017 жылы — 200,0 млн теңге және 2018 жылы – 270,0 млн теңге игерілді.
Осы мақсатта 2018 жылы облыс әкімі орынбасарымен Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша жол картасы бекітілді.
Жол картасының негізгі бағыттары:сауықтыру және алдын алу; сырқаттануды ерте анықтау; медициналық қызмет көрсету; ауруларды басқару және қайта оңалту.
Нәтижесінде: 2018 жылы медициналық ұйымдарда құжаттарды электронды форматқа толығымен ауыстыру және электронды денсаулық паспорты құрылады.