Аңсаған Мұстафа: «Ішкі қорқыныштарымның барлығы суреттерімде бейнеленген»

Аңсаған Мұстафа − қазақтың бірегей иллюстраторы. Оның әрбір суретінен ой түйесіз, тұжырымға келіп, қорытынды жасайсыз. Көптеген әлеуметтік желілерде таралып жүрген  қазақша түсініктеме жазылған түрлі иллюстрациялардың авторы осы Аңсаған Мұстафа.
—              Аңсаған ханым, Тараз қаласына қош келдіңіз! Тараз дегенде бірінші есіңізге түседі? Шаһарды немен байланыстырасыз?

—              Тараздың халқы өте қонақжай. Олардан мейірім сезіліп тұрады.  Қаланың келбеті басқа қалалармен салыстырғанда сондай қазақы, әдемі. Басқа қалалар шет елге еліктеп кеткен, барсаң қайда жүргеніңді білмейсің, ешқандай қазақылық, ешқандай мұсылмандық жоқ. Ал Таразға келген кезде жаның рахаттанып, демалады екен.

—        Тараз дегенде кімдерді есіңізге түсіресіз?

—        Жалпы, Жамбыл Жабаев деп бөліп айтпай-ақ қояйын. Тараз дегенде  тыныштық, жақсы эмоциялар есіме түседі.  Өйткені осыдан 4 жыл бұрын осы жерге Қазақ Хандығының 550 жылдығына флешмобпен келдім. Сол кезде киелі жерлерді көрдік, тарихи орындар өте көп, жақсы сақталған. Мұндай қалалар еліміздің барлық жерінде болған, бірақ Ресейге жақын жерлердегі тарихи ескерткіштерімізді  жойып жіберген. Тарихымызды ұмыттыру,  бұрынғымыздан айыру мақсатта істелінген нәрселер. Ресейдің зұлымдығы бері қарай жетпей қалғанына қуанам, әйтпесе бұл жерлерде Ресейге жақын тұрған жерлер болса 1900 жылдары бәрін құлатып, қырып тастайтын еді деп ойлаймын.

—        Сіз әлеуметтік желіде өз ойыңызды белсенді түрде  біліріп отырасыз. Осы фотокөрмеде әлеуметтік желінің әсерін де көрсетіп отырсыз. Осы туралы айта кетсеңіз?

—        Менің суреттерім айналамдағы проблемаларды суреттейді. Астана қаласында тұрамын, шынымды  айтсам ауылдың тұрмысын көрмедім, кішкентай кезімнен қалада өскенмін. Егер ауылда өскен болсам, суреттерім де көбірек қала емес ауыл болар еді. Сол жағынан өзім біраз өкінемін. Жылқының суретін дұрыс сала алмаймын. Сондықтан суреттерімде адамдарды көп саламын.

—        Ұлттық нақышта футболкалар, жейделерді көп шығарасыз және тапсырыспен сатасыз. Таразға алып келмедіңіз бе?

—        Жоқ, әкелмедім. Мұнда тек  әлеуметтік тақырыптағы суреттермен келдім.

—        Ал енді кеудешелер, жейделерді Facebook  әлеуметтік желісінен басқа қай жерден алсақ болады?

—        Instagram бар, @ansa.kz немесе @ansagan_mustafa деп іздесеңіз шығады.

        Қанша уақытта келеді?

—        Жасап, автобустан беріп жіберсек келесі күні келеді ғой.

—        Курьерлік компаниямен келісім шартқа отырмадыңыздар ма?

—        Тым қымбат. Сондықтан жүргізушіден беріп жіберіп жатырмыз.

        «Аңсаған Мұстафа»  неден қорқады?

—        Суреттерім-менің ішкі  қорқыныштарым десем болады. Осындай болмасын деп сурет саламын.

              Кімді сағынасыз?

—        Ата-анамды. Қазір шыққан соң бірден Алматыға тартып кетейін деп тұрмын.

—        Сурет өнеріне жаңадан аяқ басып суретшілерге қандай кеңес бересіз?

—        Мамандық таңдағалы жүрген жандарға айтарым өзіңнің ұнатқан мамандығыңды таңдау керек. Мамандығын бар жан-тәнімен жақсы көрмесе одан профессионал шықпайды.

—        Сұхбатыңызға рахмет!

Суретті түсірген: Ағаділ РЫСМАХАН

Сұқбаттасқан: Исламбек Дастан.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X