ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӘУЛИЕАТАНЫҢ БІЛІМ ОШАҚТАРЫН АРАЛАДЫ

18 қазан күні ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.

Вице-министр алдымен Тараз қаласы №30 мектеп-гимназиясында ұстаздармен кездесіп, Елбасы Жолдауында айтылған білім саласының басым бағыттары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауын талқылауға арналған жиында педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жүргізу кереткігі айтылды.

Мектеп мұғалімдерімен кездесуден соң Эльмира Суханбердиева Тараз қаласындағы №35 «Ер төстік» балабақшасының жұмысымен танысып, тәрбиешілерімен кездесті. Кездесу барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі балабақша тәрбиешілеріне мектепке дейінгі білім беру саласында бірқатар кеңестерімен бөлісті.

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі жаңадан ашылған облыстық ІТ лицей-интернатының жұмысымен танысып, білім ошағының оқушыларымен сұхбаттасты.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X