Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басшылығының 2018 жылдың IV тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, ІІД бастығы полиция полковнигі Арман Молдиярұлы Оразалиев 17 қазан күні 7 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында 4 азамат мал-мүлік ұрлығын ашуға көмектесуге өтініш білдірсе, 2 азамат алаяқтық дерегімен қозғалған қылмыстық істі созбалаңға салу бойынша ІІО қызметкерлерінің әрекетсіздігіне, 1 азамат конституциялық құқығының бұзылу дерегі бойынша шағым білдірді.
Барлығын мұқият тыңдаған Арман Молдиярұлы 7 азаматтың өтініші бойынша ІІД-нің басқарма бастықтарына нақты тапсырмалар берді.
Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Келесі қабылдау кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 21 қарашасында өткізіледі.
Ескерту: ІІД бастығының және оның орынбасарларының жеке қабылдауына алдын ала Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (тел.: 99-70-34) арқылы жазылуға болады.
Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі