Таразда тұңғыш рет «Ұлы Дала Рухы» фестивалі өтті

Тараз қалалық “Достық” үйінде Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен “Ұлы дала рухы” фестивалі өтті. Бұл туралы «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фестивалдің мақсаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласының негізінде Жамбыл облысының тұрғындарына арналған рухани-мәдени іс-шаралар топтамасын ұсынып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттап, құндылықтарымызды дәріптейтін көрмелер ұйымдастыру.

Это слайд-шоу требует JavaScript.

«Достық үйінің» бірінші қабатында Астанадан арнайы келген иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафаның туындылары  қойылды. Сонымен қатар, бірінші қабатта арнайы хештег рамкасымен «Таразға тілек» фотобұрышы ұйымдастырылды. «Таразға тілек» фотоальбомына тілек жазып, суретке түскен жандарға «Ұлы дала рухы» іс-шарасының арнайы сыйлық дорбалары (кулек) беріледі. Аталған шараға жиналған жұртшылыққа насихатшылар тобы «Жамбылдағы – Рухани жаңғыру» атты ақпараттық брошюраларын таратты. «Ақ жол», «Арай», «Знамя труда», газеттері мен «Жамбыл ТВ», «77 ТВ» арнасының ұжымдары тараздықтарға БАҚ тарихынан сыр шертетін жәдігерлерін ұсынды. Өңірге белгілі фотографтар Ақәділ Рысмахан, Алтынбек Қартабай, Виктор Барбаш, Юрий Кимнің жұмыстары да көрме төрінен орын алды.

Сондай-ақ, «Ұлы дала рухы» іс-шарасының концерттік бағдарламасы ұсынылып, кеште «Алаш ұлы» тобы, Ғани Мәтебаев, Жазира Сметова, Ербосын Қасымбек сынды әншілер өнер көрсетті. Ал әулиеаталық айтыскер ақын Нұрлыбек Құрманов пен Дархан Әбдіманаттың арасында жекпе-жек айтыс өтті. Бұдан бөлек тараздық жас ақындар Жанғазы Ахмет, Нұржан Қадірәлі, Данияр Әлімқұл отты жырларымен көрерменнің көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Суреттерді түсірген: Ақәділ РЫСМАХАН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X