377 ЕЛДІ МЕКЕНІҢ 362-НІҢ БАС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Дәулет Досановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Дәулет Іңкәрбекұлы Жамбыл облысында cәулет және қала құрылысы саласы бойынша соңғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Басқарманың негізгі міндеттері – қала құрылысы қызметінің дамуына талдау жасап, елді – мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлардың жүзеге асуы мен облыс аумағында қала құрылысы регламенттерін сақтау жөніндегі қызметтерді үйлестіру, сондай-ақ облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүзеге асыру болып табылады.
Басқарманың алдыға қойған жоспары — Ел басының Жолдау талаптарын басшылыққа ала отырып, облысымыздың жан-жақты әлеуметтік-экономикалық дамуына алға қойылған мақсаттарды іс жүзінде асыруға басқарма тарапынан жүйелі жұмыстар ұйымдастыруға бағытталған.
I. Бас жоспарлардың орындалуы.
Елді мекендердің бас жоспар жобаларымен қамтылуы, облыста барлығы 377 елді мекен бар, оның ішінде тұрғындардың саны 5 мыңнан асатыны 28 елді мекен және 4 қала, ал қалған 345 елді мекеннің тұрғындарының саны 5 мыңға дейінгілері. 2010-2018 жылдары аралығында облыста 377 елді мекендердің 362-не бас жоспар жобалары әзірленіп, бекітілді.
Анықтама үшін: «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымдары туралы» Заңының 2 бабына сәйкес, аудандар бойынша 15 елді мекеннің халқының есептік саны 50-ге жуық болуына байланысты, оңайлатылған сызба жобаларының әзірленуін жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орган анықтайды.

II. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдері бойынша.
Облыс бойынша бүгінгі таңда жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдеріне Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктерінде 108 388 азамат (01.10.2018жылғы жағдайға) кезекке тіркеліп, 2018 жылдың 9 айында 810 жер телімі берілді.
Тараз қаласы және аудан әкімдіктер тарапынан барлығы 27 тұрғын алқап, 2 307,93га құрайтын аумаққа инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жоспарланды. Аталған жұмыстар орындалған жағдайда 13 315 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға беріледі, оның ішінде биыл 3 096 жер телімі беріледі.
Сонымен қатар, облыс бойынша «жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін алуға кезекте тұрғандардың электронды тізілімін» қалыптастыру мақсатында, Тараз қаласы мен аудандар және ауылдық округ әкімдіктерінде жер теліміне кезекте тұрған азаматтар тізімі негізінде электронды базалық дерекқор жүйесі әзірленді.
Электронды базалық дерекқор жүйесі негізінде облыс бойынша жер телімі үшін кезекке тіркелген азаматтардың нақты саны мен жеке тұлғалардың бірнеше елді мекенде тіркелгені және жер телімінің нақты сұраныс көлемі анықталады.

III. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.

Діни қызмет саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 2018 жылы– 7 өтініш тіркелді (01.10.2018ж жағдайға). Оның ішінен ғибадат (мешіт) үйлерін салу және олардың орналасатын жерін айқындауға – 4 өтініш иесіне шешім (рұқсат) берілді, 3 өтінішке шешім беруден бас тартылды.
«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» -658, Эскиздік жобасы келісу бойынша -2 мемлекеттік көрсетілетін Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері тарапынан бекітіліп берілді.
(01.10.2018ж) жағдай бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» бойынша – 19 982 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

IV. Облыс аумағын дамытудың қала құрылысы кешенді схемасы және мемлекеттік қала құрылысы кадастры бойынша.
Облыс аумағын дамытудың қала құрылысы кешенді схемасы келешекте аудандар мен қалалар экономикаларының қай бағытта дамуын, қашан қай жерде тұрғын үй, әлеуметтік нысандардың, өндіріс, жол және инженерлік құрылымдардың құрылысын жүргізуіне, олардың бір-бірімен тығыз экономикалық байланыста болуына жауап беретін кешенді схема болып табылады. Схеманың толық құны сметалық есептеулер негізінде 342,370 млн.теңгені құрады.
Облыс әкімінің қолдауымен 2018 жылға 2017 жылғы № 43-11 шешімге сәйкес, облыс аумағын дамытудың қала құрылысы кешенді схемасын жасақтауға 114,6 млн. тенге бюджет «Урбоситль» ЖШС қала құрылысы компаниясы жобалау жұмыстары басталды, жұмыс 2 жылға жоспарланып, алғашқы кезең жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айынан басталды.
Бүгінгі күнге, жобалауға қажетті бастапқы материалдарды жинақтау және оны тиісті мекелермен келсу, сондай-ақ картографиялық материалдарды толықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстармен бірге, облыстағы елді мекендердің дамуында, бекітілген Бас жоспарлардың нормаларынан ауытқу, қала құрылыс регламенттерін бұзу, қызыл сызық, су және санитарлық-қорғау аралықтарының талаптарын орындамау фактілері орын алып, кеңінен тарауда.
Мұндай түйткілді мәселелерді шешу және тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында көпсалалы мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының мәліметтер ақпараттық деректер жүйесін құру қажеттілігі туындап отыр.
Облыс аумағында Мемлекеттік қала құрылысы кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасақтауға қаржы өтінімі ұсынылып, Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылы 14 мамырында № 23-2 шешімі негізінде, Тараз қаласының құрылыс аумақтарындағы кешенді инженерлік-геодезиялық ізденістерін 1:500 масштабын жасақтауға 45,0 млн. теңге (991 га. дейін) қаражат бөлініп, облыстық бюджеттен бөлінген қаражат (113 бағдарлама) трансфертпен арқылы Тараз қаласы әкімдігіне жолданды және инжернерік-геодезиялық ізденістер 1:500 М түгендеу жұмыстары жүргізілуде.
«Республикалық мемлекеттік қала құрылысы және кадастр орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы (Тараз қаласының Әділет департаментінде 2018 жылдың 26 маусымында тіркелген) арқылы Тараз қаласының инженерлік-геодезиялық ізденістер жасауға Республикалық бюджеттен 65,0 млн. теңге (1400 га. ) қаражат бөлінді және инжернерік-геодезиялық ізденістер 1:500 М түгендеу жұмыстары жүргізілуде.
Тараз қаласының құрылыс салынған аумағы: 13 765 га. 2011-2017 жж. 4956 га. инжернерік-геодезиялық ізденістер 1:500 М жүргізілген.
Тараз қаласы бойынша 2018-2021жж жалпы 8809,8га құрылыс салынған аумақты игеру жоспарланды.
Облыс аудандары бойынша 2018-2020 жж. жалпы 23 863,51 га құрылысы салынған аумақты игеру жоспарланды.
Для решения таких проблемных вопросов и проведения регулярного мониторинга необходимо создать систему данных для многоцелевого государственного градостроительного кадастра.
На основании решения Жамбылского областного маслихата № 23-2 от 14 мая 2018 года на строительство комплексных инженерных изысканий на строительных площадях Тараза 1: 500 будет выделено 45,0 млн. тенге. (991 га) средства, выделенные из облстного бюджета (113 программ), были переданы акимату города Тараз с передачей и инвентаризационно-геодезическими изысканиями в инвентаре 1: 500 М.
Из республиканского бюджета на инженерно-геодезическую съемку Тараз филиалом РГП «Республиканский государственный градостроительный и кадастровый центр» в Жамбылской области (зарегистрирован Министерством юстиции г. Тараза 26 июня 2018 года), 65,0 млн. (1400 гектаров), а инвентаризационно-геодезические изыскания проводятся в инвентаре 1: 500 М.
Площадь застройки Тараз: 13 765 гектаров. Период 2011-2017 гг. 4956 га. Инженерно-геодезическая съемка проводилась в 1: 500 М.
Планируется развитие города Тараз в 2018-2021 годах с общей площадью 8809,8 га.
V. Елді мекендерде заңсыз құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген нысандар бойынша.
Облыс бойынша «қызыл сызық» нормаларын бұзып жүргізілген 32 кәсіперлік заңсыз нысандары анықталды.
Соның ішінде:
I. Тараз қаласы бойынша – 20 нысан.
Оның ішінде Жамбыл даңғылының шекарасының бойында орналасқан нысандарды бұзуға қатысты 4 нысанның іс-материалдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан (26.07.2018 ж) Тараз қалалық сотына талап арызы (исковое заявление) жолданды.
II. Аудандар бойынша – 12 нысан,
атап айтқанда:
1. Қордай ауданы бойынша – 5;
2. Жамбыл ауданы бойынша – 2;
3. Меркі ауданы бойынша – 1;
4. Т.Рысқұлов ауданы бойынша – 4.
III. Облыс бойынша құрылыс нормалары бұзылып жүргізілген нысандар саны – 41.
Оның ішінде:
Тараз қаласы бойынша – 20;
Аудандар бойынша – 21 нысан.
Сондай-ақ, Шу ауданы бойынша анықталған 2 нысанға қатысты Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына шара қолдану үшін мәліметтер жолданып, 2 нысанға қатысты іс-материалдары әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша тиісті сот органына жолданып, айыппұл салу және бұзып тастауға шешім шыққан.
Тараз қаласы бойынша құрылыс нормалары бұзылып жүргізілген 20 нысанның 13 нысан мәліметтері мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына шара қолдану үшін жолданып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылып, тиісті тармақтар бойынша іс-материалдары Тараз қалалық мамандандырылған сотына жіберіліп, айыппұлдар салынды. Осы аталған 13 нысанға салынған айыппұлдар көлемі – 2, 207 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов және Сарысу ауданы әкімдіктерінің тиісті бөлімдері мен ауылдық округтері тарапынан жұмысшы (мобильді) топтары құрылып, зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

VI. Елді мекендердің (қалалар, ауылдар (селолар) картографиялық материалдарын дайындау бойынша.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Р.Жақсыбековтың 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 17-61-44.120-1 тапсырмасы негізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы халқының 2019 жылғы Ұлттық санағын өткізуге дайындық шараларын жүргізу мақсатында, облыс елді мекендерінің картографиялық материалдары дайындалуда.
Картографиялық материалдар Тараз қаласы мен аудан елді мекендерін жаңғыртылған электронды цифрлық карталармен қамтамасыз ете отырып дайындалады.
Картографияның негізгі мақсаты — санақтық аудандастыру үшін цифрланған карталарды әзірлеу, облыстағы барлық тұрғындардың картографиялық мәліметтерге қол жеткізе отырып, онымен тығыз байланыста болу, сондай-ақ ГИС технологиясын пайдалану барысында схемалық жоспарлары, шекарасы көрсетілген аудандар карталарының тиісті масштабтармен көрсетілуі және халықтың қолжетімділігі үшін қалалық және ауылдық елді мекендердің схемалық жоспарларында көшелер атаулары, тұрғын үйлер секторы (оның ішінде үйлер мен ғимараттардың қабаттар саны мен нөмірлері, әр үйдегі тұрғындар саны) және тұрғын үйлерге жатпайтын секторы (зауыттар, оқу орындары, ауруханалар, санаторийлар т.б.) көрсетіліп жасалады.
Тараз қаласының картасы — 1:4000 масштабта;
Аудандар карталары – 1: 100 000 масштабта;
Аудан орталықтары және елді мекендер карталары – 1:2000.
Осы мақсатта, Алтыншы шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 23-2 шешімі бойынша Тараз қаласы мен аудан елді-мекендерінің картографиялық материалдарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 29,7 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс тәсілімен 2018 жылдың 4 маусымында жарияланып, жобалау жұмыстары жүргізілуде.

VII. Облыс әкімдігі жанынан құрылған Қала құрылысы Кеңесі бойынша.
Жамбыл облысының біріңғай қала құрылысын Кеңесін құру туралы облыс әкімінің 27.06.2017ж №131 қаулысымен қабылданып, құрылды.Тараз қаласында жалпы 41 мәдени-демалыс нысандары бар, оның 7-і саябақтар, 28-і скверлер, біреуі «Данқ» аллеясы және «Зербұлақ» демалыс орталығы, 4-і жеке орнатылған ескерткіштер. Аталған саябақтар, скверлер мен аллеяларды жөндеу, абаттандыру бойынша жұмыстар көлемі анықталып, тиісті ұсыныстар жасалды.
«Қ.Рысқұлбеков» атындағы саябақ, «Атшабар», Желтоқсан скверлерін «Табыс-Жоба» ЖШС тарапынан қайта жаңғырту бойынша эскиздік жоба әзірленіп, Қала құрылысы Кеңесінің қарауында мақұлданып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта, «Мамыр», «Т.Рысқұлов», «Турксиб», «Жас түлектер» атындағы саябақтар, және «Салтанат» сарайы, «Неке сарайы», «Өлке тану» мұражайы, Көркем сурет галлереясы, Қолөнер шеберханасы, «Шахристан» Этно-тарихи кешені , Талас өзені жағасындағы демалыс аймағы (14 мкр) тұсында, Вокзал маңындағы алаң, «Руханият» орталығы, Сквер (Кожкомбинат-Жамбыл алаңы аралығында), «Балқарағай» кафесі (Сосновый бор), «Тектұрмас» қамалы бойынша тиісті жобалаушы мекемелерге, сәулетшілер мен мүсіншілерге, және суретшілерге нақты жұмыстар тапсырылып жобалау жұмыстары жүргізілуде. Эскиздік жобалары қала құрылысы Кеңесінің қарауына ұсынылатын болады.
Бұдан басқа қала бойынша 36 мәдени-демалыс нысандарды іске қосу жоспары белгіленіп, қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына енгізу бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің 06.04.2018ж №65 қаулысымен қабылданған «Сәулеттік бюро» мекемесі және жас архитекторлар клубы құрылды.
«Сәулеттік бюро» мекемесі қызметінің мақсаты Жамбыл облысының елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту болып табылады.
Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Жамбыл облысының елді мекендерінің сәулеттік келбетін, сәулеттік ландшафтты және табиғи аумағын, монументтік-мүсінді безендіру бойынша ұсыныстар енгізу;
2) Компьютерлік кеңістіктегі модельдеуге және макеттерді әзірлеуге қатысу;
3) Сәулет және қала құрылысы мәселелері қызметі нысандарының мониторингін жүргізу және оларды модернизациялау жөніндегі ұсыныстар енгізу.
4) Сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша жас талантты сәулетшілер, дизайнерлер, суретшілермен қарым-қатынас жасау.
5) Сәулет және қала құрылысы шешімдерінің тұсау кесерлері бойынша материалдар дайындау , (халықаралық, республикалық) форумдар, көрмелер өткізу.
6) Заманауи ғимараттар мен құрылыстар үшін құрылыс материалдарын, кіші сәулеттік нысандар жаңа технологияларды меңгеру және еңгізу бойынша ұсыныстар енгізу.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X