Инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша кеңес өтті

 

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметовтың төрағалығымен инвесторлар тарту және инвестициялық аxуалды жақсарту бойынша өңірлік кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару  және цифрландыру орталығының басшысы Дамир Егізбаев баяндама жасады. Ол атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған келеңсіздіктерге жан-жақты тоқталып өтті.

Атап айтар болсақ, басқосу барысында бос жерлердің интерактивті картасын әзірлеуде және 13 инвестициялық жобаны жүргізуде орын алып отырған олқылықтар сөз болды. Қаржы құйып, жұмыс жасауға ниетті кейбір инвесторларға қажетті жерлерді бөлуде жұмысты сылбырлыққа салып отырған аудандар да жоқ емес болып шықты.

Асқар Исабекұлы мәселенің маңыздылығын баса айтып, облыстың инвестициялық аxуалын арттыруда тиісті тараптардың бірлесе, жоспарлы жұмыс жүргізуінің тиімділігін тілге тиек етті. Құрғақ сөзден гөрі уақыт оздырмай нақты нәтижеге қол жеткізу керектігін ескертті.

Жиында туындаған сауалдар бойынша бірқатар аудан әкімдерінен жауаптар алынды. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X