Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің  2018 жылғы «10» қазандағы №191-Ж/Қ-М өкімімен Жәнібеков Бақытжан Оразғалыұлы Жамбыл облысы әкімдігінің  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды

Жәнібеков Бақытжан Оразғалыұлы 1981 жылы туылған, білімі жоғары, 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандағы, 2005 жылы «Әулие-Ата» университетін «Юристік қызмет» мамандағы бойынша бітірген.

Еңбек  жолын 2005 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекші маманы болып бастаған.

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X