ШЕР АҒАНЫ ЖЕРЛЕСТЕРІ СОҢҒЫ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Әулиеата жұртшылығы Шерхан Мұртазамен қоштасты. Бүгін 86 жасында дүниеден өткен қазақ халқының қаламы қарымды көрнекті қаламгері Шерхан Мұртаза Алматы қаласында ақтық сапарға аттанды. Осыған орай, Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында митинг өтті. Қаралы шараға аймақтың зиялы қауым өкілдері, қала басшылығы мен тұрғындар қатысты. Митингіде абыз жазушының алып суреті орналасқан аумаққа гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жорабек Сансызбаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, облыстық драма театрының директоры Болат Бекжанов, «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Хамит Есаман заңғар жазушы туралы кеңінен әңгімелеп, артына қалдырған мол мұрасы ұрпақ жадында мәңгілік сақталатынын жеткізді. Сонымен бірге ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Битенова қаламгермен қоштасу өлеңін тебірене оқыды. Ал ТИГУ қызметкері Бақтияр Бекназаров аталмыш оқу орнындағы Ш.Мұртаза атындағы орталық туралы айта келе, ондағы қолға алынған жұмыстар бұдан кейінде жандана беретіндігін жеткізді.

https://web.facebook.com/islambek.dastan/videos/1872551566127378/

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X