Таразда «Героин» есірткі затын сатушы ұсталды

 

 

Ағымдағы жылдың үшінші қазанында «Көкнәр-2018» атты ауқымды жедел іздестіру іс шарасы барысында жедел ақпарттың негізінде Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен Тараз қаласы аумағында «героин» есірткі затын заңсыз сатумен айналысып жүрген, бұрын ҚР ҚК 175 б. 3 б. сотты болған 43 жасар Тараз қаласының тұрғыны ұсталып жалпы салмағы 0,140 грамм «героин» есірткі заттары тәркіленді.

Күдікті азамат кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының ІІБ уақытша қамаққа ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 297 б. 2 б. бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын алу тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X