ЖАМБЫЛДАҒЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

Жамбыл облысында Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттер бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы 1,1 млрд теңгеге 24 кіші жоба жүзеге асырылып 120 мыңға жуық адам қамтылды. 2018 жылы 3 млрд 50 млн теңгеге 119 кіші жоба мен 73 іс-шара іске асырылатын болады. Оның ішінде 350 млн теңгесі жергілікті бюджет, 2,7 млрд теңгесі меценаттар есебінен жүзеге асыру көзделген.
«Тараз қаласында және аудан орталықтарында «Туған жерге туыңды тік!» ауқымды акциясы өткізілді. Акция барысында 80-ге жуық меценат ниет білдірді. Өткен жылдан бері меценаттар есебінен жалпы құны 963 млн теңгеге 48 әлеуметтік нысан, оның ішінде 3 балабақша, 16 спорт нысаны, 3 мед.пункт, 1 интернат пайдалануға берілсе, қалған 25 жоба инфраструктураны жаңғыртуға бағытталды. Сонымен қатар, «Бір сәби – бір ағаш» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – облыстың жасыл желек аумағын көбейту, өскелең ұрпақтың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриотизмді нығайту. Өткен жылы акция барысында жаңадан туылған сәбидің ата-аналары 1000 түп ағаш отырғызған болса, биыл 5000 түп ағаш егілді. «Жас өркен – жас желек» атаумен жалғасатын бұл жоба аясында алдағы оқу жылында 1-сыныптың 26 мыңға жуық оқушысы ата-анасымен бірге ағаш отырғызып, жалпы аумағы 52 га құрайтын скверлер мен аллеялар ашылу жоспарлануда» — деп мәлімдеді облыстық жобалық офистің менеджері Лейла Үсенбаева


Айта кетерлігі, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 2017 жылы меценаттардың көмегімен 19 нысан пайдалануға берілген болатын. Биылғы жылы қыркүйек айына дейін 30 нысан беріліп, 516,3 млн теңге жұмсалды. 2 балабақша, 8 спорттық нысан, 1 медпункт, 2 мәдениет нысаны, 17 нысан абаттандырылды. Сонымен қатар, «Атамекен» кіші бағдарламасының менеджері Лейла Ермекқызы өз ісін сүйіп жасап, шын ынтазармен қызмет жасады. Онымен қоймай, жиырма бес дене мүмкіндігі шектеулі балаларға роликтер, самокаттар, скейдбордтар, смарт сағаттарды, сүмкелерді сыйға тартты. Екі жыл бойы жоба менеджері «Бірге жеңеміз!» атты жобасын өзінің меценаттық бақылауына алып, әлжуаз топтағы балаларға көмек беруде. Өз ісіне жауапты ғана болмай, Мемлекеттік басшысының бағдарламалық мақсаттарын орындау әрбір адамның міндеті деп санайды. Ешкімде бұл жұмыстан шет қалмауы тиіс, тек есеп жинамай сол бағдарламаның орындалуына атсалысатын Лейла Үсенбаева секілді азаматшалар мемлекеттік қызметті ғана емес, меценаттық жұмысты жүргізуді жөн санағандар көбейсе игі.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X