Нұрлан Еркебаев: Облыста жылына 4 миллионнан астам қызмет тұтынылады

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған облыстық актив жиынында түрлі сала өкілдері сөз алып, атқарылатын шаруалар бойынша жоспарларымен бөлісті.   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаев өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің жаңа жұмыс істеу моделі туралы баяндап берді.

«Жолдаудағы басымдықтар институтционалды  реформалардың прогрессивті логикалық жалғасы екенін ескерсек, тиісті міндеттерді тез арада іске асыру өңірлік проблемаларды шешуге зор серпін беретіні сөзсіз. Елбасының халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бұл жолдау баршамыздың өз қызметімізге жаңаша тұрғыдан қарай отырып, жұмыс тәсілдерін өзгертуді талап етеді.

Барлық іс-қимылын халықтың әл- ауқатына арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппаратты құру ісіне жаңа екпін беруіміз қажет. Мемлекет басшысы айтқандай, сапа облыстағы жалпы 5000 мемлекеттің қызметшінің жаңа стиліне, ал, өзін өзі жетілдіру басты қағидатына айналуы тиіс. Бұл ретте сапа тек бәсекелестік ортада қалыптасатыны, ал бәсекеге қабілеттілік сол ортада шыңдалатыны баршамызға аян. Мәселен, бүгінгі күні облысымызда бір басшыға шаққанда бір орындаушыдан тиіп отыр.

Мемлекеттік органның ұйымдық құрылымының күрделілігі өз кезегінде бизнес процестерді қиындатып, қатардағы маманның жұмыс ауқымының көбеюіне әсер етуде. Нәтижесінде сапалы кадрлардың азаюы салдарынан бәсекелік ортаның дағдарысқа ұшырау қаупі жоғары. Жолдауда айтылған факторлы балды шкала негізінде жалақы төлеудің жаңа моделі осы бәсекелестік ортаны қалыптастырып қана қоймай азаматтардың сұранысына жауап беретін мемлекеттік аппаратты жаңа деңгейге көтереді. Тиімсіз шығындарды оңтайландыру мен басшылық құрамды қысқарту есебенінен төменгі және орта буынғы қызметкерлердің жалақысын 2,5 есеге дейін өсіруді көздейтін жаңа модельдің енуі аталған түйткілді мәселелерді шешеді. Бұл істе тек сапалы талдау мен тыңғылықты көзқарасымыз қажет.

Жаңа модель бәсекелестік ортада тиімділікке басымдық жасайтын жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілерін қалыптастырады. Өз қызметіне тек кәсіби тұрғыдан қарайтын білікті мемлекеттік қызметші ғана мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартып әрбір теңгенің қайтырымының мол болуына қол жеткізіп тиісінше өңірдің қарыштап дамуын қамтамасыз ете алады.

Қазіргі таңда өңірде мемлекет тарапынан көрсетілетін 386 қызмет түрі болса, жылына 4 млн-нан астам қызмет тұтынылуда. Соңғы 3 жылда тиімді тәсілдер арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 7 пайыздан 25 пайызға жетті. Осы салада бюрократтық рәсімдерге сыбайлас жемқорлыққа жол бермей тұтынушыға қол жетімді, түсінікті әрі оңай тәсілдерді қарқынды енгізе бастауымыз қажет.

Жолдауда айтылған жаңа формацияда тағайындалатын басшыларымыз қарамағындағы қызметкерлермен сындарлы әрекеттесе отырып өзіне сеніп тапсырылған салаға жоғары жауапкершілікпен қарап сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер жобасы аясында өңірімізді ең таза өңірлердің қатарында көруге мүмкіндік беретіні анық, Мемлекеттік органдардың жұмысындағы формализм мен бюрократияны азайту жолында онлайн режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді кеңінен қолдану үрдісін қалыптастырсақ, бұл да өз жемісін берері сөзсіз.

Облыс тұрғындарының әл-ауқатының өсуі тиісті лауазымды тұлғаның жеке тиімділігі мен қызметке лайықты екенінің басты көрсеткіші екені атап өтілді. Яғни, Елбасының осы жолдауын шағын кәсіби мемлекеттік аппарат құру ісіндегі дер кезінде қабылданған маңызды қадам деп білеміз. Қоғам мен Елбасы сенімін ақтау ісінде әріптестерді әр сала бойынша атқарылатын жұмыстарды жауапкершілікпен атқаруға шақырамын»,- деді Нұрлан Тәңірбердіұлы.

 


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X