Талас ауданы 90 жылдық мерейтойына арналған «Туған жерге Тағзым» атты облыстық жастар форумы өтті

Талас ауданы 90 жылдық мерейтойына арналған «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге Тағзым» атты облыстық жастар форумы өтті

Ағымдағы жылдың  5 қазанында Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Талас аудандық Балалар өнер мектебінің акт залында Талас ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Болашаққа  бағдар: Рухани жаңғыру » мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» атты облыстық жастар форумы болып өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының негізгі мақсаты — бұл  отаншылдық сезімнің әрдайым жоғары тұруы керектігін баршаға жеткізу болып табылады. Бұл ұйымдастырылып отқан форумға Елордамыз Астана қаласынан арнайы елімізге танымал Блоггер, Журналист, Медиалектор, Хабар агенттігінің арнайы бағдарламалар бөлімінің жетекшісі —  Кенжебек Өркен Дарханұлы,  Алматы қаласынан киелі Талас жеріне алғашқы рет келіп отырған құрметті қонақ танымал блоггер, медиасарапшы — Яков Федоров, Жастар саясаты саласында өзіндік орны бар азаматтардың бірі, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы — Болатбек Уалихан Болатбекұлы, Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, блоггер- Дастан Исламбек Дастанұлы сынды жастарға үлгі,өнеге беретін қонақтар  шақырылды.

«Туған жерге тағзым» атты облыстық форумның ашылу салтанатын Талас ауданы әкімінің орынбасары Садубаев Қадірбек Рысқұлбекұлы «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» деген дана халқымыз,осы қағиданы ұстанған әр адам атамекен – алтын бесігін естен шығармай,оған өзін мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні ақиқат. Бүгінде киелі Талас топырағынан түлеп ұшқан абзал азаматтар әр салада еңбек етіп табысқа жеткен танымал жандарға айналған.Ата жұрттағы қалың ел оларға тілекші. Жырақтағы жерлестеріміздің жетістіктерін әрдайым мақтан етеміз» дей отыра өз ыстық ықыласын білдірді.

Ұйымдастырылып отырған форумға колледж, мектеп білімгерлері шақырылып барлығы 355 жас қамтылды.

Форумның соңында Талас ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Манатбеков Нұрсұлтан Жексенбекұлы қорытынды сөз алып, шақырылған форум қонақтарына алғысын білдіре отырып, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X