Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ұрланған ұялы телефондарды шетелден іздеп табу мүмкін болатын бағдарлама әзірленіп жатыр.
Министрдің айтуынша, ұрланған ұялы телефондардың 85-87%-і Қазақстанда қосылады.
«Біздің қолымызда талдау бар. Қытайда, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан (ұрланған телефондарды – авт.) көріп отырмыз. Сұрату жіберіп жатырмыз, жұмыс істейтін боламыз. Оларды тіркеу тәртібі болмаса ұрланған телефондардың 85%-і Қазақстанда қолданылады. Бағдарламаны апробациядан өткізіп, басқа елдермен өзара қатынас орнатып жатырмыз», — деп атап өтті ол.
Еске сала кетсек, бүгін Үкімет отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ұрланған ұялы телефондардың Қырғызстан мен Тәжікстанға жеткізілетінін айтқан болатын.
Дереккөз baq.kz