Ата бабаларымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев адам құқығы, бала құқығы мен бостандықтарын қорғауды басты орынға қойып отырған. Адам дүниеге шыр етіп келген уақыттан бастап, оның өмірі мен денсаулығын қорғайтын мемлекетіміздің басты Ата-Заңы — Конституция болып табылады.
Сонымен қатар, 1948 жылғы 10 желтоқсанда «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы», 1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенциясы», Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылғы желтоқсан айындағы Бала құқығы туралы Конвенциясын айта кеткен жөн.
Баланың құқығын қорғауды ата-аналар, қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес кәмелетке толмаған баланы ата-ананың немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе орындамағаны үшін шара қолдануды қамтиды.
Мемлекет — әрбір баланың аман-сау өсіп, жан жақты дамуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып, бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс.
Осыған орай, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 392 азаматтық іс сотта қаралса, оның ішінде 270 азаматтық іс бойынша халықаралық шарттар (Бала құқығын қорғау туралы, Минск конвенциясы т.б.) қолдану арқылы қаралған.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маман-
сот отырысының хатшысы Қайрат Оразбек