Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен аймақ басшысы Асқар Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Жамбыл облыстық филиалы ғимаратының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Аймақтық семинардың алғы сөзін алған облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Аталмыш шарада негізгі баяндаманы жасаған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқанбайұлы елімізде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы соңғы жаңалықтарды тілге тиек етіп, жұмысты әліде күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, осы басқосуда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы ректоры Фатима Жақыпова және Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев сөз тізгіндеп, өз ойларын ортаға салатын болады.
Семинардан кейін агенттіктің басшысы Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның ғимаратына барып, Ұлттық бюро жұмысымен танысу, жеке құрамымен кездесу өткізбек.