АУДАНДАРДА ЕКІ САЙТТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТІП ЖАТЫР

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» және «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты әлеуметтік жобаларды «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Қоғамдық бақылау және интернет — қабылдау» атты кездесулер Сарысу, Жамбыл, Байзақ аудандарында өткізілді. Кездесуде 22 тамыз күні тұсаукесер болып өткен j-reception мен q-kenes.kz сайттарының таныстырылымы өтіп, «Жергілікті өзін-өзі басқару мектебі» семинар-тренингі жүргізілді.
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы Самат Қалмаханов өткізіліген іс-шараларға қатысып, ойымен бөлісті.
— Басқарманың әлеуметтік жобалары арқылы облысымызға қажетті екі сайт жарық көрді. Сайт тек билік үшін ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындардың ұсыныс пен пікірлерін білдіретін алаң деп есептеймін.
Айта кетерлігі, кездесулер барлық аудандарда өткізіліп, жақында арада нәтижесінде көріп қалуымыз ғажап емес.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X